ТҮРКІСТАН: САУРАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІН ДӘРІПТЕГЕН МАРАФОН ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІН ДӘРІПТЕГЕН МАРАФОН ӨТТІ

Бүгін Сауран ауданында 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесіне орай, «Спорт - денсаулық кепілі» атты марафон ұйымдастырылды.
Сайыс ауылдық округ тұрғындары арасында 3 шақырым қашықтыққа жүгіруден өтті. Марафонға ауданнан 800-ге тарта азамат қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті. Сауран ауданында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан шараға аудан әкімі Ғани Рысбеков қатысып, жарысқа қатысушыларды келе жатқан Республика күнімен құттықтады.
Марафонда өзгелерден озық келгендер марапатталып, қаржылай сыйлықтар алды. Атап айтқанда, әйелдер арасында 1-орынды Наргиза Алишерова иемденсе, жүлделі екінші және үшінші орындарды Гуллола Садықова мен Умсин Муслимова өзара бөлісті. Ал, ерлер арасында Серік Исмайлов жеңімпаз атанса, 2-орынды Руслан Ташполатов, 3-орынды Закир Аманбай алды. Өзге де қатысушыларға алғыс хаттар мен медальдар табысталды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В южной столице подвели промежуточные итоги Года рабочих профессий, объявленного Президентом Казахстана. Подробности в интервью с руководителем...

Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – еліміздің...

Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға...