ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ - ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛҒЫШАРТЫ

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ - ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛҒЫШАРТЫ

2022 жылдың 20 қараша күні елімізде үлкен саяси маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.

Бүгінде Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер арасынан талапқа сәйкес 6 үміткерді тіркеді. Қазіргі таңда үміткерлердің сенімді өкілдері айқындалып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл сайлаудың басқа сайлаудан бір өзгешелігі - мұнда Президент бір рет қана, жеті жылға сайланады. Сонымен қатар, екінші қайтара сайлауға түсу мүмкіндігінің жоқтығында.

Жалпы, алдағы Президент сайлауы – еліміздің болашағына әсер ететін болады. Сондықтан, осындай тарихи шақта ел тағдырына бейжай қарамай, саяси науқанға белсене қатысу – барлығымыздың азаматтық борышымыз деп білемін.

Біздің алдымызда айрықша міндет тұр.Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын үшін еңбек ету.
Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік.

Осы тұста барлық жерлестеріміз Елдің болашағы әділдік жолымен жетелеуге бағытталған саяси науханда белсенділік танытып, Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға белсене қатысуға шақырамын.

Жаңа әрі әділетті Қазақстанды бірге құрамыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Форумға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков, Түркістан облысының прокуроры Мұрат...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Иран Ислам Республикасының ауыл шаруашылығы жихады министрі Голамреза Нури Гезельдже...

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 855,9 мың отбасы...