ҚАЙНАРБҰЛАҚТА АУЫЗ СУ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚАЙНАРБҰЛАҚТА АУЫЗ СУ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ тұрғын алабында ауыз су құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.
Бекітілген жобаға сәйкес, 329,8 шақырым ішкі орамдық су жүйелері тартылады. Қазіргі уақытта 40 шақырым су құбыры тартылып, құрылыстың 15 пайызы аяқталды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елдімекендері ауыз суды кестемен тұтынады. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткішін арттыру мақсатында биыл 7 нысанда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Олар: Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 екінші кезек, Нұртас ВС, Текесу е/м, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумақтары және Қайнарбұлақ е/м. Ал, Сайрам елдімекенінде құрылыс жұмысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі таңда Құрсай елдімекенінде екі кезеңнен тұратын жобаның 80 пайыздан астам құрылыс жұмыстары аяқталып, 270 шақырым су құбыры орнатылды. Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су құбырын тарту құрылысы 2023 жылға өтпелі.
Осы жылдың қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елдімекендері мен Нұртас су жинақтағыш ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99%-ға жетеді. Жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары 2023 жылы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады.
Осы жылы ауыз сумен қамтуды 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл мақсатта Құрсай (Арғымақ) шағын ауданында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Нұршуақ, Батыс, Жаңаталап елдімекендерінде құрылыс жұмыстары осы жылы ақталып, электр желісімен қамтылу көрсеткіші де 100 пайызға жетеді.
Биыл табиғи газбен қамту көрсеткіші 91 пайызға жетеді. Осы мақсатта Көкбұлақ, Батыс, Арғымақ, Ақжар, Ақтас, Ақтас-2, Нұршуақ елдімекендерінде құрылыс жұмыстар басталды, жыл соңына дейін аяқталады. Нұршуақ тұрғын алабындағы жұмыстар келесі жылға өтпелі.
27 мың халқы бар Самал-3 және 6300 халқы бар Солтүстік-батыс шағын аудандары осы жылы кәріз жүйесімен қамтылады. Қамтылу көрсеткіші 41,4 пайызға жетеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сербия, Белград қаласы Келіссөзге дейін Сербия сарайының алдындағы алаңда ресми қарсы алу рәсімі өтті. Қазақстан Президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап...