Мегаполистегі жылыту орталықтарының бірі - “Қуатжылуорталық-3” МКК. Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов нысандарды тексеру барысында аталған мекемеге қарасты 838 шақырымдық құбырдың 80-ге жуығында ақау анықтаған болатын. Қазіргі таңда барлығы толығымен ретке келтірілді.
К-24 қазандығы Шымкент қаласы әкімінің 27.05.2019 жылғы №452 қаулысы негізінде "Қуатжылуорталық-3" МКК теңгеріміне берілген. 1977 жылдан бері қолданыста. Қуаттылығы 26,6Гкал/сағ құрайтын 2 дана ДКВР-20-13 қазандығымен жабдықталған.
Осы арқылы шаһардағы бірнеше нысан:
- 66 көпқабатты тұрғын үй;
- 20 бюджеттік нысан;
- 4 жеке сектор (жер үй);
- 30 басқа заңды тұлғалар (дүкен, асхана, дәріхана және т.б.) жылыту жүйесімен қамтылған.
Әл-Фараби ауданындағы көпқабатты үйлердің жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Диваев көшесі, төменгі Отырар шағын ауданы 9, 11 үйлердің сығымдау, Бейбітшілік көшесінде ескірген құбырларды жаңасына алмастыры жұмыстары тексерілді.
Әл-Фараби ауданында 672 көпқабатты тұрғын үй болса, оның 613-і орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған. Бүгінде оның 35 пайызы жылыту маусымына дайын. Алда бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болады.
Тұрғындарға жылыту қондырғылары мен қазандықтардың техникалық жай-күйін, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын алдын ала жүргізіп, тиісті мекемемен келісімшартқа тұру маңызды екенін ескертеміз.
Қаратау ауданында 554 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде 422 көпқабатты тұрғын үй орталық жылу жүйесіне, 132-сі автономды жылу жүйесіне қосылған. Аудан әкімдігі «Қуат жылу орталық-3» мекемесімен бірлесіп, 422 үйге сығымдау жұмыстарын жүргізу жоспарын бекіткен болатын. Жоспарға сәйкес, 422 көп қабатты тұрғын үйдің қысқы дайындығы пысықталатын болады. Бүгінге дейін 131 көп қабатты үйде кестеге сәйкес сығымдау жұмыстары жүргізілді, — дейді аудан әкімі Р.Мүлкеманов.
Шахар басшысы бүгін мекеменің жалпы жылыту маусымына дайындығын пысықтап, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.