ЦИТАДЕЛЬДЕ ФОТОҒА ТҮСІП, СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!

ЦИТАДЕЛЬДЕ ФОТОҒА ТҮСІП, СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы Цитадель қамалы аумағында жаңа фотозона орнатты.
Мұндай бастама “Kazakh Tourism” ҰК” АҚ-ның бастамасымен “Neo Nomad 2022” республикалық акциясы аясында еліміздің туристік маңызы жоғары 20 өңірінде іске асырылуда. Соның бірі - Шымкент қаласындағы Цитадель.
Талап бойынша, жыл ішінде барлық 20 өңірде жүріп фотосын #NeoNomad2022 хэштегі мен @kazakhtourism_official, @travel.kazakhstan инста парақшаларын белгілеп салған оқырман арнайы сыйлыққа ие болады.
Сондай-ақ, Шымкент пен қалаға жақын орналасқан туристік орындармен, мәдениеті және гастрономиясымен танысуға келген туроператорлар мен travel-блогерлер Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Ресей, Өзбекстан мен Түркиядан келген. Сонымен қатар, туристік-ақпараттық орталықтардың өкілдері де төбе көрсетуде.
Жалпы, тур аясында Цитадель, “Бәйдібек би” ескерткіші, А. Асқаров атындағы дендросаябақ, Зообақ, қолөнер орталықтары, “Бозжыра” ұлттық тағамдар рестораны және өзге де қаланың, қалаға жақын орналасқан туристік орындардың тарихымен танысу жоспарланған.
Биыл Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл. Айтулы датаға орай Әзірбайжан елінің астанасы Баку қаласында «Welcome to Kazakhstan» атты еліміздің өңірлерінің қатысуымен туристік-мәдени күндер өтуде.
Осы мақсатта бір аптаға жоспарланған “Шымкент қаласының күндері” аясында Оңтүстік өңірдің қонақжайлылығын, гастрономиялық тағамдарын, мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен таныту жоспарланған.
Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласына келуші туристер саны – 316 832 адамды құрады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша статистика 213 394 адамға жеткен болатын. Бұл пайыздық көрсеткіш — мегаполиске келген азаматтар санының 148,5 пайызға ұлғайғанын көрсетеді. Соның ішінде, Қазақстанның 300 мыңнан астам тұрғыны мен шетелдің 14 мыңнан астам азаматы Шымкент қаласына саяхаттау, іскерлік, кәсіптік, сондай-ақ жеке мақсатта сапарлатып келген.
Р.S.: Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы да шаһардың фоторамкасында суретке түсіп, естелік жасаушылар арасында 3 жеңімпазды анықтайтын болады.
Толық ақпарат @visitshymkent парақшасында.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...