Шымкенттегі Абай ауданына қарасты Көкбұлақ елді мекенін инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов атқарылып жатқан құрылыс барысын тексерді. Тұрғын алапқа былтыр толық оптика желісі тартылып, интернетпен қамтылған. Сондай-ақ 2021 жылы тұрғындар ауыз су мен жарыққа 100% қол жеткізді. Ал көгілдір отынмен осы жылдың ІІІ тоқсанында қамтылатын болады, құрылыстың 90% атқарылған. 2 390 тұрғыны бар Көкбұлақтағы тағы бір мәселе - жолды асфальттау болатын. Қазіргі таңда 9 көшенің бесеуіне тас төселсе, төртеуі асфальтталды. Жалпы былтыр 6 шақырымға шағал тас төселген. Келер жылы Ағыбек ата, Үркінбай ата, Жомарт ата көшелеріне асфальт төселеді. Ал 2024 жылы Маңлай ата мен Жангелді батыр көшелері асфальтталатын болады. Тұрғындардың өтініші бойынша осы жылы 800 м Есбол қажы көшесі жарықтандырылды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, 2022 жылы жоспарланған 308 көшенің бүгінгі таңда 77 нысан болатын 190 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды. Ал, қалған көшелерді жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Қалада биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады. Қоғамдық көлік мәселесі шешілген,№146 және №180 маршруттары қойылған. Бұдан бөлек, былтыр 2, биыл 1 балалар алаңшасы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда қаламыздағы көпқабатты 184 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында тұрғындардың ұсынысымен 101 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне тапсырылуда. Құрылыс нысандарын аралай жүріп, жергілікті тұрғындармен кездескен әкім басқа да мәселелерге көңіл аударып, оның шешілу жолдарын жауапты басқарма басшыларына тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.