ТОҒЫСТА 200 ОРЫНДЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

ТОҒЫСТА 200 ОРЫНДЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Тоғыс елдімекенінде 15 000-нан астам халыққа қызмет көрсететін «Togus-med медицина орталығы» - жеке инвестиция есебінен ашылуда.
Нәтижесінде медициналық қызметпен қамтылатын елдімекендер - Тоғыз, Елтай, Жыланбузған, Маятас, Айнатас.
Орталықтың бір ауысымдағы сиымдылығы - 200 адам.
Мұнда бастапқы әлеуметтік-медициналық көмекпен бірге, (ересектер мен балаларға)
ЖТД, педиатрия, акушер-гинекология, хирургия, травматология, кардиология, эндокринология, онкология, урология, гастроэнтерология, ЛОР, офтальмология, стоматология, ревматология, профпатология, неврология, дерматовенерология;
- Медициналық реабилитация және физиотерапия, емдік физкультура, массаж;
- Диагностикалық қызметтер: Рентген, флюрография, УЗИ, ЭКГ, ЭЭГ, Холтер, Спирография, Лаборотория;
- Күндізгі стационар болады.
Рентген, флюрография, УЗИ, ЭКГ, ЭЭГ, холтер, спирограф тағы да басқа заманауи аппараттармен жабдықталады.
Жаңа емханда ашылғанда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігі жақсарып, пациенттер уақтылы, толық және сапалы тексеру және амбулаториялық немесе күндізгі стационар жағдайында ем қабылдайтын болады.
"Медициналық орталық бұл елдімекендерге жақын орналасқан. Қалаға әуре болмай-ақ қызметтің басым бөлігін осында алуға болады.
Бұл өз кезегінде халыққа сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырады"-деді шаhар басшысы.
Айта кетерлік, Шымкент қаласындағы зейнеткерлерге арналған Белсенді өмір сүру әлеуметтік-медициналық орталығы жалғызілікті қарияларға күні бойы қызмет көрсете бастады. Бұл мақсатта орталық жанынан 8 сағаттық күндізгі стационарлық жағдайда сауықтыру шараларын көрсететін арнайы бөлімше ашылған еді.
Қазір Шымкент қаласында 83 928 зейнеткер бар, оның 568-і жалғызілікті қариялар. Жалғызілікті қарттарға арналған бөлім ашуды қала әкімі Мұрат Әйтенов өткен жылы орталықты аралау барысында тапсырған болатын. Қала әкімі бастамасымен ашылған бұл сауықтыру бөлімшеде дәрігерлік тексеру, фитобар, емдік массаж бен физиотерапия кабинеті мен тұз шахтасы, сурет салу, қыш қолөнер шеберханасы мен еңбек терапиясы секілді 27 сауықтыру қызмет түрі бар. 25 орынға лайықталған бөлімде 3 мезгіл ыстық тамақта қаралған.
Сауықтыру мекемесінде 300-ге жуық зейнеткерге күнделікті 2 ауысымда 4 сағаттық арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Күн тәртібі дәрігерлік тексеруден басталады. Қарияларға қызмет көрсету үшін кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері жұмылдырылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесті. Компания...