Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Тұран шағын ауданындағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын тексеріп, халықпен кездесті.
Тұран шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары былтырдан бері қарқынды жүргізілуде.
Жалпы құрылыс барысы 2 кезеңге жобаланған. Бүгінге дейін 86% орындалып, қалған жұмыс қазан айында толық аяқталады. Одан соң абоненттеу жүргізіліп, 3058 тұтынушы сапалы электр қуатымен қамтылады.
Бұған қоса 11,6 шқ құрайтын магистралдық кәріз коллекторының құрылысы бітті. Қазіргі таңда ішкі орамдық кәріз жүйесі салынуда, жыл соңына дейін аяқталатын болады.
Бұдан соң әкім Тұрандағы газ құрылысын тексерді. Екінші кезек бойынша жұмыстың 90% орындалып, қазан айы басталғанша №14-29 кварталда орналасқан көпқабатты және 504 жеке тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылады.
Ал үшінші кезек бойынша, құрылыс жұмысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Бүгінгі күнге 40% атқарылды.
Жалпы Тұран шағын ауданындағы 2554 тұрғын үйге 2023 жылы газ құбыры толық тартылып бітеді. Жұмыстардың жоспарғай сай және сапалы орындалуын талап еткен қала басшысы жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.
Айта кетерлік, шағын ауданда өткен жылы 27 үй пайдалануға берілсе, биыл 41 үй құрылысы жүруде. М.Әйтенов әрбір кемшілік бойынша мердігерлерге қатаң ескерту жасап, тез арада қалпына келтіруді тапсырды.
Табиғи газ бойынша - 5 тұрғын үй қосылған, қалған 20 үйдің қамтылуы қыркүйекке дейін жоспарланған.
Ал, абаттандыру жұмыстарына сәйкес газондардың су жүйесі реттеліп, кіші архитектуралық формалар қойылмақ.
Шымкент қаласында осы жылы жоспарланған 51 үйдің барлығын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 41 тұрғын үйдің құрылысы Қаратау ауданы, Тұран шағын ауданында жүргізілсе, 10 тұрғын үйдің құрылысы әкімшілік-іскерлік орталығында жүргізілуде.
Осы жылы 51 үйдің барлығын пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде 41 тұрғын үйдің құрылысы Қаратау ауданы, Тұран шағын ауданында жүргізілсе, 10 тұрғын үйдің құрылысы әкімшілік — іскерлік орталығында жүргізілуде.
Тұранда құрылысы жүргізіліп жатқан 41 тұрғын үйдің үшеуі жазға дейін пайдалануға тапсыру жоспарланған. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін 6 үйді пайдалануға беру жоспарда болса, қалған 32 үй жыл соңында қолданысқа беріледі.
Қазіргі таңда Тұран шағын ауданын электр энергиясымен қамту жұмыстарының екінші кезеңі жүргізілуде. ішкі жүйлерді қамту жыл соңына дейін аяқталса, жарықтандыру мен бағдаршамдар орнату 2023 жылға көзделген. Кәріз және табиғи газбен қамту жұмыстарының да кестеге сәйкес екінші кезегі жүргізілуде. Магистралды жүйелер орнатылған соң ғана ішкі жүйелер жүргізілмек.
Жүргізіліп жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысын аралап қайтқан мегаполис әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов үйлердің сапалы соғылып, мерзімінде аяқталуын тапсырды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.