ТҰРАНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КЕМШІЛІКТЕРІ ЖОЙЫЛДЫ

ТҰРАНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР КЕМШІЛІКТЕРІ ЖОЙЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Тұран» шағын ауданындағы биыл берілетін тұрғын үйлер мен оған қатысты инфрақұрылым жүйелерінің сапасын тексеріп шықты.
Өздеріңізге белгілі, халықпен кездесу барысындағы тұрғындардан түскен шағымдар негізінде шаhар басшысы әрбір нысанды жіті бақылауына алып, тұрғындар және тиісті сала басшыларынан тұратын арнайы топ құрған болатын. Осылайша, кәсіби "технадзор"-лардан бөлек, Мұрат Әйтенов жұмыс тобымен аталған аудан аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан тұрғын үйлер мен инфрақұрылым жүйелерінің жұмыс сапасын бақылауға алған.
Баспанадағы ақауларды анықтауға зерделеу жұмысын жасайтын арнайы топ жүргізген бақылаулар нәтижесінде 230-дан астам пәтерде ақаулықтарды анықтап, кемшіліктің 85% мердігер мекеме тарапынан жойылды.
«Шымкентте тұрғын үйге деген сұраныс жоғары. Қазірдің өзінде 48 623 азамат тізімге тіркелген болса, оның 1819-ы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 9 186-сы көпбалалы отбасы, ал 16 957-сі халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы санатында, бұл тізімде сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер де бар. Бұл кісілер ертерек өз баспанасына қол жеткізуі үшін сіздер жұмысты сапалы әрі мерзімінде орындап бітуге тиіссіздер»,-деді қала басшысы.
Тұран шағын ауданындағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінге дейін тиісті жұмыстардың 88-95% орындалған.
Тұран шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары былтырдан бері қарқынды жүргізілуде.
Жалпы құрылыс барысы 2 кезеңге жобаланған. Бүгінге дейін 86% орындалып, қалған жұмыс қазан айында толық аяқталады. Одан соң абоненттеу жүргізіліп, 3058 тұтынушы сапалы электр қуатымен қамтылады.
Бұған қоса 11,6 шқ құрайтын магистралдық кәріз коллекторының құрылысы бітті. Қазіргі таңда ішкі орамдық кәріз жүйесі салынуда, жыл соңына дейін аяқталатын болады.
Бұдан соң әкім Тұрандағы газ құрылысын тексерді. Екінші кезек бойынша жұмыстың 90% орындалып, қазан айы басталғанша №14-29 кварталда орналасқан көпқабатты және 504 жеке тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылады.
Ал үшінші кезек бойынша, құрылыс жұмысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталған. Бүгінгі күнге 40% атқарылды.
Жалпы Тұран шағын ауданындағы 2554 тұрғын үйге 2023 жылы газ құбыры толық тартылып бітеді. Жұмыстардың жоспарғай сай және сапалы орындалуын талап еткен қала басшысы жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.
Айта кетерлік, шағын ауданда өткен жылы 27 үй пайдалануға берілсе, биыл 41 үй құрылысы жүруде. М.Әйтенов әрбір кемшілік бойынша мердігерлерге қатаң ескерту жасап, тез арада қалпына келтіруді тапсырды.
Табиғи газ бойынша - 5 тұрғын үй қосылған, қалған 20 үйдің қамтылуы қыркүйекке дейін жоспарланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ