Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келетін және пәтердің ең үлкен ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша Бақытты отбасы» бағдарламасы қатысушыларының негізгі тізімдегі азаматтар арасында Тұран 2 шағын ауданындағы 168 пәтер және Нұрсәт шағын аудандарында орналасқан 162 пәтер бойынша конкурстар «Отбасы банк» арқылы жүргізілуде.
Сондай ақ 2023 жылдан бастап «Бақытты отбасы» бағдарламасына тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар сонымен қатар 1 және 2 топ мүгедектері, мүгедек бала асыраушы отбасы санатындағы азаматтар аталған тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бастапқы жарна -10%, банктің жылдық мөлшерлемесі – 2% -ды құрайды. Ипотекалық несиелендіру 20 жылға рәсімделеді. Толық емес отбасылар санатындағы азаматтар енді бұл бағдарламаға қатыса алмайды.
Айта кету керек, биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасына жалпы саны 432 лимит бөлінген болатын. 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегіндегі халықтың әлеуметтік әлсіз тобы мен көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 365 отбасы несиелік баспанамен қамтылған.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы баспаналы болғысы келетіндер үшін қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) өтініш берген күнге өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
3) өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысының соңғы 6 ай ішіндегі айлық табысы, қаржы жылына белгіленген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен (әрбір отбасы мүшесіне 115 905 теңге) аспауы тиіс.Нақты айтқанда 2022 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері37 389 теңгені құрайды;
4) некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
5) еңбек және кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;
6) төлем қабілеттілігін растау;
7) тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебінде тұруы.
Кредит беру талаптары:
- қарыздың нысаналы мақсаты;
– бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;
- тұрғын үйді сатып алу кезінде ең жоғарғы қарыз сомасы;
– 15 млн. теңгеден аспайды.
«2-10-20» бағыты аясында өтінімдерді қабылдау Отбасы банкісінің«baspana.otbasybank.kz» порталында хабарланады.
Өткен жылы 2021 жылы «Бақытты отбасы» бағыты арқылы бөлінген лимитке сәйкес 363 отбасы несиелік баспанамен қамтылды. Оның ішінде көпбалалы –173, толық емес –30, мүгедек бала асыраушы –160 отбасы бар.