ҚОҚЫС ШЫҒАРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСҚА ҚАНАҒАТТАНБАҒАН ЖАҒДАЙДА ТҰРҒЫНДАР КОМПАНИЯЛАРМЕН ШАРТТЫ БҰЗУҒА ҚҰҚЫЛЫ

ҚОҚЫС ШЫҒАРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСҚА ҚАНАҒАТТАНБАҒАН ЖАҒДАЙДА ТҰРҒЫНДАР КОМПАНИЯЛАРМЕН ШАРТТЫ БҰЗУҒА ҚҰҚЫЛЫ

"Көппәтерлі үйлерден және жеке сектордан қоқыстарды уақтылы шығару үшін тұрғындармен шарт жасасқан ұйым (МИБ, ЖМ) жауапты болады. Мұндай келісім шартты белгілі бір коммуналдық компаниямен тұрғындардың өздері өз қалауы бойынша жасайды. Ұйым жұмысты сапалы және кестеге сәйкес орындамаған жағдайда, тұрғындар шартты бұзып, оны басқа компаниямен жасасуға құқылы.
Осы бағыттағы тазалық жұмыстар күнделікті кесте бойынша жүзеге асып отыр. Атқарылған жұмыстың сапасын аудан әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауға алынған.
Қала тұрғындарынан қоршаған ортаны таза ұстауға, қоқыс тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін арнайы қоқыс жәшіктерін пайдалануға шақырамыз.
Әл-Фараби ауданы аумағында ирригация жүйесінің жалпы ұзындығы 103 шақырымды құрайды. Басты көшелердің бойындағы ирригациялық арықтар мен жол жиектерін тазалау жұмыстарына «Build stroi» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан 10 арнайы техника мен 180 адам жұмылдырылған. Аталған жұмыстар күнделікті кестеге сәйкес жүргізіліп, аудан әкімдігінің ұдайы назарында.
Қала тазалығы – бәріміз үшін жауапты міндет. Қала тұрғындарын қызметкерлердің еңбегін бағалауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданы Шымкенттің халқы ең тығыз орналасқан тарихи орталық ауданы саналады. Мұнда қаланың маңызды білім, әкімшілік, тарихи, мәдени және ойын-сауық орталықтары орналасқан.
Әл-Фараби ауданында Шымкенттің ірі магистралдары қиылысады. Шығыстан батысқа қарай Тәуке хан даңғылы, Түркістан көшесі, Ғ.Ильяев, Т.Рысқұлов көшелері, оңтүстіктен солтүстікке қарай Д.Қонаев даңғылы, А.Байтұрсынов, Қазыбек би, көшелері көсіліп жатыр.
Абай ауданының аумағында үш компания қызмет көрсетеді:
1. "ШымкентСпецКомплекс", Тел.: +7 702 753 7337;
2. "Керемет 2020", Тел.: +7 777 094 5576;
3. "Бастау", тел.: 8 701 701 00 50.
Әл-Фараби ауданында ҚТҚ шығарумен айналысатын компаниялар:
1. "Арнаулыавтокөлік", тел.: 8-701-505-75-36;
2. "ШымкентСпецКомплекс", тел.: 8 702 255-64-94;
3. "Спецавтотранс", тел.: 8 702 753 73 37.
Еңбекші ауданын бойынша:
1. "Вайсалидзе" ЖК, тел.: 8-701-137-57-03;
2. "ЭКО-ком тазалық", тел.: 8-778-233-97-41;
3. "Арнаулыавтокөлік", тел.: 8-701-505-75-36.
Қаратау ауданында жұмыс істейтін компаниялар:
1. "ЖанМейр", Тел.: +7 (701) 400-33-11;
2. "Вайсалидзе" ЖК, Тел.: +7 701 137 5703;
3. "Таза қала" ЖК, Тел.: +7 747 543-44-03;
4. "ПожТехМонтаж", Тел.: +7 778 883-52-77;
5. "Бастау", Тел.: +7 701 701-00-50.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ