ӘЛ ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУ БАРЫСЫ

ӘЛ ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУ БАРЫСЫ

Әл-Фараби ауданында 207,7 мыңнан астам халық тұрады. Жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен, электр энергиясымен және табиғи газбен қамту көлемін 100 %-ға, 2023 жылға қарай кәріз жүйесімен қамту көлемін 91 %-ға ұлғайту көзделген. Бұл туралы аудан әкімі Рашид Мыңбаев шаһар басшысы М. Әйтеновтің аудан тұрғындарымен кезекті есепті кездесуінде айтты.
“Былтырғы жылы сапалы ауыз сумен қамту бойынша «Сәуле» ш/а, «Асар-2» ш/а жұмыстар жүргіздік. Жыл соңына дейін «Текесу» т/а желілік жұмыстарын аяқтап, аудан тұрғындарын толығымен ауыз сумен қамтитын боламыз”-деді аудан әкімі.
Сонымен қатар Р.Мыңбаев «Сәуле» мен «Асар-2» шағын аудандарындағы құрылыс жұмыстары таяуда аяқталып, аудан тұрғындары табиғи газ және электр энергиясымен толық қамтамасыз етілетінін айтты.
Аудан көлеміндегі бірқатар көшелерде кәріз жүйесі іске қосылатын болады.
Биылғы жылы “Шолохов” және “Хлопзавод” көшелері бойындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Алдағы жылы «Түркістан», «Ақжайық», «Химфарм» шағын аудандарында кәріз жүйесін жүргізетін 2 жобаның құрылысы басталады.
Өткен жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында азаматтар өз жобаларын ұсынуына болады. Оған интернет арқылы дауыс беріп, ең көп қолдауға ие болған жобалар қаржыландырылады. Өткен жылы Әл-Фараби ауданында осы әдіспен 17 нысанның құрылысы жүргізілсе, биыл 59 аулаға спорт және балалардың ойын алаңшалары орнатылып, абаттандырылып жатыр. Бұл мақсатқа 1 миллиард 600 миллион теңге қаралған. Келесі жылы тағы 39 жоба жүзеге асса, Әл-Фараби ауданындағы барлық көпқабатты үйлердің аулалары 100 пайызға толығымен абаттандырылып бітеді.
Жалпы, Әл-Фараби ауданында ауқымды жұмыстар жүргізілген.
Атап айтқанда, 2020-2021 жылдары 3 елдімекенге ауыз су жүйелері тартылған. Биыл Текесу тұрғын алабында су құбырлары жүргізілуде. Осылайша, ауданның 200 мыңнан астам халқы толығымен таза ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ, биыл №276 орамға табиғи газ бен сапалы электр қуаты жеткізілсе, Ақтас елді мекені де көгілдір отынмен қамтылмақ. Нәтижесінде жыл соңында аудан аумағы толығымен 100 пайызға табиғи газ және сапалы электр қуатымен қамтылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...