ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУ БАРЫСЫ

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУ БАРЫСЫ

Абай ауданы Қызылжар тұрғын алабында 684 отбасы қоныстанған. Халық саны 4419 адамды құрайды.
Бүгінде Қызылжар тұрғын алабы, 2021 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сапалы ауыз сумен толық қамтылған.
Биылмен санағанда табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.
Электр жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары 2022 жылдың IV-тоқсанында толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Тұрғын алапта жалпы саны 19 көше бар, оның 7-еуі асфальт, 12-сі тас жол. Соның ішінде, 8 көшеге 2021 жылғы жоспарға сәйкес шағал тас төселді: Бақтияров, Көмекбай, Мыңтөбе, Дала қыраны, Гаражный, Жаңақұрылыс-1, Жаңақұрылыс-2, Жаңақұрылыс-3. Жарықтанырылған көшелер саны - 3. Биыл тұрғын алапта, Ленин және Жастар көшелерінің құрылыс жұмыстары атқарылды.
Сапалы интернетпен қамту мақсатында базалық станцияның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына іске қосу жоспарланған.
Өткен жылы Абай ауданын биыл мобильді интернетпен қамту көрсеткіші 91 пайызға жеткен. Бұл жылы 95 пайыздық меже көзделген.
Мәселен былтыр интернет сапасы төмен Ынтымақ,2, Құрсай, Солтүстік-Батыс, А-2 жолы, Самал-3 елдімекеніне базалық станция орнатылды. Биыл 30 мың тұрғыны бар Ақниет, Қызылжар, Жаңаталап, Игілік, Агрофирма-Қарасу тұрғын алаптарына базалық станциялар орнатылады.
Оптикалық интернет желімен қамту: қаладан шалғай орналасқан Самал-3, Қазығұрт, Құрсай, Ақниет, Жайлау, Ынтымақ, Қызылжарға талшықты оптика желісі жүргізіледі.
Шымкентте өткен жылы интернет сапасы төмен 14 елдімекенге базалық станция орнатылған болса, биыл 12 елдімекенге қойылып, мобильді интернет желісімен қамту үлесін 95 пайызға жеткізу жоспарланған. 2023 жылы 11 елдімекенге, 2024 жылы 10 аумақты қамтып, көрсеткіш 100 пайызға жетпек.
Осы жылға 71 мың қала тұрғынын қамтитын 12 аумаққа базалық станция орнатылу жоспарға қойылған болса, бүгінде олар бойынша жер телімдері анықталып, инвесторларға ұсынылған. Қазір бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Маятас, Елтай, Тоғыс, Бозарықта жеке нысан иелерімен келісу арқылы базалық станция орнатылып, іске қосылды.
Сондай-ақ, «Көмешбұлақ» су құбырының қаланың Солтүстік Батыс бөлігінде орналасқан елдімекендерді ауыз сумен қамту мақсатында салынып жатыр. Ұзындығы 30 шақырымнан асады.
Аталған магистралды су құбырының құрылысы аяқталса Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке - 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алаптары толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ