ШЫМКЕНТ ЖАҢА ГҮЛЗАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

ШЫМКЕНТ ЖАҢА ГҮЛЗАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Шымкент қаласының 11- ші шағын ауданына қарасты гүлзардың құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді.
Нысанның ашылуына қала әкімі М.Әйтенов, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, жергілікті тұрғындар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Халықты жаңа гүлзардың ашылуымен құттықтаған шаһар басшысы, демалыс аймағын күтіп ұстаудың маңыздылығына тоқталып өтті.
Гүлзардың аумағы 1,600 га қамтиды. Мұнда амфитеатрмен қоса, құрғақ субұрқақ, сыйымдылығы 140 м3 болатын жер асты су сорғысы орнатылды.
Сонымен қоса ересектер мен балаларға арналған демалыс аймағы, шахмат, үстел теннисін ойнауға болатын ойын алаңы, велосипед қойылатын жер, биодәретхана, көше тренажерларының спорт және трансформаторлық қосалқы станциясы, арқан паркі қарастырылды.
Құрылыс ауданы – 87,00 шаршы метр, қатты жабын ауданы – 2302,00 шаршы метр, көгалдандыру ауданы – 7488,00 шаршы метр.
Аталған нысанның құрылысы былтыр маусым айында басталып, белгіленген мерзімінен бұрын пайдалануға берілуде.
Ресми ашылу салтанатынан соң қала әкімі тұрғындармен бірге гүлзарға ағаш екті.
Қараусыз қалғандай күй кешкен жердің әдемі әрі демалыс аймағына айналуы - көптің ризашылығын тудырды. Жергілікті жұртшылық игі іске алғыс білдірді.
Шымкент қаласында алдағы жылдары жалпы аумағы 70 гектарды құрайтын 80 гүлзар пайда болады.
Шымкент қаласында алдағы жылдары жалпы аумағы 70 гектарды құрайтын 80 гүлзар пайда болады. Ол үшін қаланың бас жоспарына түзетулер енгізіліп, орындары анықталды. Сонымен қатар Шымкент-Сити шағын ауданында аумағы 40 гектарлық, Тұран шағын ауданында 37 гектарлық, ал, Сәуле шағын ауданында 2,5 гектарлық саябақ ашу үшін жобалық — сметалық құжаттар әзірленуде.
Сонымен бірге сала жетекшісі өткен жылы аудан әкімдіктерімен 75,5 мың дана, жасыл белдеуге 200 мың дана, саябақтар мен гүлзарларға 10 мың дана ағаш көшеттері егілгенін, ал биылғы жылдың көктем айларында жалпы 21 455 ағаш көшеттері отырғызылғанын атап өтті.
Қала инфрақұрылымын дамыту мәселесін баяндаған энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков 2022 жылдың қорытындысымен 5 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып 11 мыңнан астам адам ауыз сумен, 2 магистралды кәріз коллекторының, 1 кәріз сорғы станциясы және 6 нысанның құрылысы аяқталып, 65 мың адам кәріз жүйесіне қосылатынын жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ