САМАЛ-3 ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУ БАРЫСЫ

САМАЛ-3 ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУ БАРЫСЫ

Самал-3 шағын ауданында 6 801 отбасы, немесе халық саны 27 090 адамды құрайды.
Шағын аудан тұрғындары ауыз су, табиғи газ, және сапалы электр қуатымен толық қамтамасыз етілген шағын ауданда жалпы саны 63 көше бар. Оның 24-і асфальт, 39-ы тас жол. Биылғы жылы Б.Момышұлы (жалғасы 1,2,3,4) Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай, Ерубаев, Аманжолов, Баршын 6 көше жөндеуден өткізілді.
Жарықтандырылған көшелер саны – 14.
«Самал-3» пен «Солтүстік Батысқа» қазіргі уақытта кәріз жүйесі тартылуда, ол да аяқталуға жақын. Келесі жылы «112 орамда» құрылыс басталады. Сөйтіп бұл мәселе 2025 жылға дейін 59%-ға шешімін табатын болады. Жиын соңында қала әкімі хаттамаға енген мәселелердің шешімі бойынша, заң аясында жан-жақты жұмыстар атқарылатынын атап өтіп, қоғамдық мәселелердің шешімінде белсенділік танытқан тұрғындарға ризашылығын білдірді.
Абай ауданында 2021 жылы 11 аулаға жөндеу жұмысы жүргізілген. Одан бөлек, 39 спорт алаңшасы мен 21 балалар ойын алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің аудан тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 32 жоба жүзге асырылады. Осы жоба шеңберінде 17 балалар ойын алаңшасы мен 15 спорт алаңшасы салынады. Бұл үшін 956,1 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Айта кетсек, бүгінгі қала әкімінің кездесуіне Қатын көпір, Солтүстік батыс, Самал-1,2,3, Шұғыла, Нұршуақ, №3,4,8 шағынаудандары мен 112 орам тұрғындары қатысты. Кездесу барысында М.Әйтенов әр тұрғынның сұрағына жауап беріп, көтерліген мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтты.
Жыл соңына дейін Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік шығыс, Хлопзавод-Шолохов, Жұлдыз елдімекендері кәріз жүйесіне қосылады.
“Осы арқылы 64 мыңға жуық тұрғын кәріз жүйесімен қамтуға мүмкіндік алады. Бұдан бөлек, Арғынбеков коллектор, Тұран ішкі магистрал, Достық КНС (қайта құру), 74 га құрайтын Бозарық шағын ауданының магистралдық кәріз жүйесінің құрылыс жұмысы аяқталады,”-деді басқарма басшысы.
Биыл табиғи газбен қамту көрсеткіші 91 пайызға жетеді. Осы мақсатта Көкбұлақ, Батыс, Арғымақ, Ақжар, Ақтас, Ақтас-2, Нұршуақ елдімекендерінде құрылыс жұмыстар басталды, жыл соңына дейін аяқталады. Нұршуақ тұрғын алабындағы жұмыстар келесі жылға өтпелі.
27 мың халқы бар Самал-3 және 6300 халқы бар Солтүстік-батыс шағын аудандары осы жылы кәріз жүйесімен қамтылады. Қамтылу көрсеткіші 41,4 пайызға жетеді.
Сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында талшықты оптика желісі жүргізілген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгінде Қазақстанның барлық өңірлерінде асқазан-ішек жолдарының онкологиялық ауруларын ерте диагностикалауға арналған мамандандырылған сараптамалық...