Нұр-Сұлтанда абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Нұр-Сұлтанда абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Алтай Көлгінов Алматы ауданының бірқатар аулаларында жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Бұл туралы елорда әкімі өзінің «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Бүгін кешкілік аралау барысында Алматы ауданының бірқатар аулаларында (Абылай хан көшесі, 55, Ғ.Мүсірепов көшесі, 10/3) жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым.

Мысалы, Ғ.Мүсірепов көшесі, 10/3 бұрын батпақ жер ғана болды. Бұл мәселемен аудан тұрғындары жүгінді. Жаңа аула барлық жастағы тұрғындарға ыңғайлы: мұнда белсенді спорт түрлерімен айналысуға, футбол ойнауға болады. Үлкен кісілер немерелерімен уақыт өткізе алады. Бұдан басқа, осы ауданның аумағында алдағы уақытта тағы да бірқатар тынымбақты абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Алматы ауданында биыл абаттандырылған аулалар саны 33 болса, қала бойынша барлығы 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік.

Сондай-ақ, №37 «Арман» балабақшасына (Алматы ауданы) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Балалар қауіпсіз жерде тәрбиеленуі керек. Биыл 26 білім беру нысанын (мектептер, балабақшалар, колледждер) жөндейміз.

Аулаларды, қоғамдық кеңістікті абаттандыруға, нысандарды жөндеуге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы айтарлықтай көмектеседі. Ол бойынша бірқатар көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне күрделі жөндеу жүргіземіз: қасбетті нығайтамыз, шатырды, лифтілерді ауыстырамыз, кіреберістерді жөндейміз және т. б.», – деп жазды Алтай Көлгінов.http://astana.gov.kz/kz/news/news/24233

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...