Абай ауданы Агропром шағын ауданында 308 отбасы қоныстанған. Халық саны 1232 адамды құрайды.
Бүгінде шағын аудан, сапалы электр қуатымен, табиғи газбен, және ауыз сумен толық қамтылған.
Агропромда жалпы саны 11 көше бар, оның 10-ы асфальт, 1-еуі шағал.
Сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында жоба құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Абай ауданында 2021 жылы 11 аулаға жөндеу жұмысы жүргізілген. Одан бөлек, 39 спорт алаңшасы мен 21 балалар ойын алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің аудан тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 32 жоба жүзге асырылады. Осы жоба шеңберінде 17 балалар ойын алаңшасы мен 15 спорт алаңшасы салынады. Бұл үшін 956,1 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Айта кетсек, бүгінгі қала әкімінің кездесуіне Қатын көпір, Солтүстік батыс, Самал-1,2,3, Шұғыла, Нұршуақ, №3,4,8 шағынаудандары мен 112 орам тұрғындары қатысты. Кездесу барысында М.Әйтенов әр тұрғынның сұрағына жауап беріп, көтерліген мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтты.
Сонымен қатар, Қаратау ауданына қарасты «Бозарық» шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы бітіп, инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде.
Сонымен қатар 2020 жылы басталған жолдардың құрылысы 50%-ға салынып, қалған жартысы келесі жылы толығымен бітеді.
Тексеру барысында мердігер мекеме басшыларына жұмыстың сапасы сын көтеретіндей болсын дегенді қайталап айтқан қала әкімі М.Әйтенов жауапты басқарма басшыларынан шаһарда салынып жатқан әрбір нысанның мерзімінен кешіктірілмеуін де талап етті.
Шымкент қаласы Бозарық-3 шағын ауданындағы Шымкент қаласының ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің жанынан қосымша тағы спорт мектебі салынуда.
Аумағы - 0,3200 га. Жобаға сәйкес - нысанда бір ауысымда 10-нан 23 жас аралығындағы 100 оқушы жаттыға алады. Бірінші қабатта - ауыр атлетика залы (олимпиадалық штанга 190кг. 180 кг., тренажерлер), киім ауыстыру бөлмелері, жуынатын бөлмелер (ерлер - 64 орын, әйелдер - 36 орын), тренерлер бөлмесі, 16 орынға арналған асхана, медпункт, жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері болады. Ал, екінші қабатта - әмбебап спортзал (күрес, греко-рим күресі кілемдері, дзюдо татамиі, бокс рингі), жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған.
Құрылыс жұмыстары 2023 жылы ақталады.