ШЫМКЕНТТЕ ОТОЛАРИНГОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ОТОЛАРИНГОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасында отоларингология бөлімшесі ашылды. Енді құлақ мұрын ауруларын емдеуде жергілікті ақ халаттылар бұрынғыдай науқастарды Астана мен Алматы қаласына жібермей-ақ өздері сауықтыра алады.
Бөлімше 20 орынға лайықталған. Дәрігерлер құлақ, тамақ, мұрында кездесетін ауру түрлеріне диагностикалық тексерулер жасап, толық емдеу жұмыстарын жүргізеді. Операцияны да осы жерде жасай береді.
Соңғы 1 айда пациенттердің 90%-на ота жасалған.
“Көптеген ота түрін жасаймыз. Атап айтқанда, септопластика, вазотомия, конхотомия, мұрын қабыршықтарының оталары, мұрын сүйектерінің репозициясы, ринопластика, эндоскопиялық оталар, құлақ ауруларының оталары, тонзиллэктомия, аденоэктомия,эндоскопиялық, дакриоцисториностомия, увулопалатофарингопластика (қорылдауды кетіретін)
және де өзге күрделі ота түрлерін жасаймыз”,-дейді қалалық клиникалық балалар ауруханасының лор дәрігері Ерубай Мақсат.
Айта кетейік, құлақ мұрын аурларына дер кезінде диагноз қойып, оны емдеуде ауруханада қажетті жабдықтардың барлығы орнатылған.
Бөлімшеде дәрігерлер шұғыл және жоспарлы түрде емделетін науқастарды қабылдайды.
Сондай-ақ, айта кететін Шымкенттегі “Бозарық-2” шағын ауданында 800 орындық университеттік көпбейінді аурухана мен ауысымына 700 адам қабылдайтын клиникалық-диагностикалық орталықтың құрылысы басталды.
Жоба арнайы мемлекеттік бағдарлама аясында Шымкент қаласының Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2026 жылға дейінгі өңірлік перспективалық жоспарына сәйкес іске асырылуда.
Нысандар жеке инвестор-“Оңтүстік”қаржы сауда-өнеркәсіптік корпорациясы» холдингі есебінен қаржыландырылуда, нәтижесінде қалада жаңадан 2500-нан астам жұмыс орыны ашылмақ.
Шараның салтанатты ашылуына қатысқан шаһар басшысы:
- Президентіміз Жолдауында басымдық бергендей, ел экономикасы мен халықтың денсаулығы арасында тікелей байланыс бар екені белгілі. Экономикалық дамудың әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, дені сау ұлт тиімді экономиканы қалыптастырады. Ұлт саулығы өндіріс ресурсы, кез келген қоғамдық жүйенің басты байлығы болып табылады. Осы орайда, қаламызда жаңа заманауи аурухана салу халыққа медициналық көмектің сапасын арттыратындығына, төсек-орын тапшылығын қысқартуды қамтамасыз етіп, қаламыздың тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алуға мүмкіндік беретіндігіне сенімдімін,-дей келе заманауи нысан салуға мұрындық болған «Оңтүстік» қаржы сауда-өнеркәсіптік корпорациясы» холдингінің, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының командасына және жеке С.Сейтжанұлына белсенді азаматтық ұстанымы мен шаһардың денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін алғыс білдірді.
Ал «САУТС-Ойл» компаниясының президенті С.Сейітжанов мегаполисті көркейту, дамытуда жолында аянбай еңбек етуге дайын екендіктерін жеткізді. “Шым шаһардың гүлденіп, түрленуіне әрбіріміз үлес қосқанымыз жөн. Өйткені Шымкент - біздің ортақ үйіміз. Ал ұлт саулығы Қазақстан болашағы үшін өте маңызды, дені сау ұлт қана Отанын дамыта алады”-деді ол.
Қала әкімдігі тарапынан бұл бастамаға жан-жақты қолдау көрсетілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...