Шымкент қаласының аумағындағы өзендер мен каналдарды тазалау жұмыстары жалғасуда.
Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының тапсырмасымен мердігер мекеме қызметкерлері Республика даңғылы мен Алматы тас жолы арқылы өтетін “Қошқар-ата” мен Республика даңғылының бойындағы “Қарасу” өзенін қоқыстан тазартты.
Сонымен қоса 2 каналға Әлімбетов көшесіндегі “Жаңа шек” пен Бәйдібек би көшесінің бойымен өтетін “Чинат-1” каналдарына механикалық және санитарлық тазалау жүргізілді.
Естеріңізге салайық, небәрі бір аптада арық-атыздарды, басқа да каналдар мен өзен бойларын тазартуда 200 тонна қоқыс шығарылды.
Соңғы бір аптада Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Жаңа шек, Бозарық, Чинат-1, Ынтымақ, Қос-диірмен каналдарына және Қошқар-ата мен Қарасу өзендеріне тазалау, ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Күз, қыс айларындағы жауын-шашын әсерінен судың канал мөлшерінен асып, тасу қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізілді.
“А-III group” мердігер мекемесіне басқарма тарапынан тапсырма беріліп, тазалау жұмыстарына 40 қызметкер мен 4 камаз, 2 экскаватор жалпы саны 6 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде каналдар мен өзен бойлары 200 тоннаға жуық қоқыстан тазартылды.
Әл-Фараби ауданында алдағы күзгі, қысқы жауын-шашын маусымында су басудың алдын алу мақсатында дайындық шаралары жүргізілуде. Ауданның басты және аулаішілік көшелерінің бойында ирригациялық арықтар мен жол жиектері жапырақтардан тазартылуда.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.
Айта кететін, тұрғындарға қолайсыздық келтіретін қураған ағаш бұталары кесіліп, аулалар сыпырылды. Аудан аумағындағы қоқыс алаңшалары тазартылды.
Аталған жұмыстарға Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, 11 арнайы техника және 120-ға жуық жұмысшы жұмылдырылды.
Тазалық акциясына барлық мекемелер (әлеуметтік нысандар, коммерциялық нысандар мен мемлекеттік мекемелер, ЖОО) атсалысты.
Сенбілікте аудан аумағындағы саябақтар мен гүлзарлар, аула және көшелер, ирригациялық арықтар, қоқыс алаңшалары қоқыстан тазартылды. Аулалардың шөбі орылып, қураған ағаш бұталары кесілді.
Әл-Фараби ауданында өткен жалпылама сенбілікке 5000-ға жуық адам, 1 мыңнан астам жастар, 250 коммуналдық жұмысшы және 80 арнайы техника жұмылдырылды. Әр мекеме өзіне жүктелген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауданда жалпы 485 м3 қоқыс қала сыртына шығарылуда.
Қала тұрғындарын қоқыс тастамауға шақырамыз!