ШЫМКЕНТТЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ КӨРСЕТКІШІ 57 %-ҒА ҰЛҒАЙМАҚ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ КӨРСЕТКІШІ 57 %-ҒА ҰЛҒАЙМАҚ

Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 1 758 шақырымды құрайтын 747 әлеуметтік маңызға ие көше бар. Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 102 көшені жарықтандыру жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Естеріңізде болса, былтырғы жылы 106 көше жарықтанып, жалпы жарық көшелер көрстекіші 43,4 %-ға жеткен-ді.
Биылмен қоса алғанда жарықтанған көшелер саны 324-ке артып, көрсеткішті 57%-ға ұлғайту көзделуде .
Жоспарға сәйкес, 2025 жылға 75%-ға жеткізу межеленген.
Айта кетерлік, Президент тапсырмасына сәйкес, халыққа қолайлы қала қалыптастыру жұмыстары аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестікпен «Шымкент қаласын жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасы іске асырылып жатыр.
Осыған орай, Гүлдала, Жоламан, Ағайынды Тәжібаев, Сыздықов, Егемен ел, Қазына, Алмахан қажы және Жабай ата, Аргоферма Қарасу, Ақсуат көшелерін жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Сондай-ақ, 2021–2023 жылдары жоба аясында тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін 312 көше жарықтандырылатын болады. Нақтылап айтар болсақ, 2021 жылы 104 көше, 2022 жылы 102 көше, ал 2023 жылы 106 көшеге жарықшамдар орнатылатын болады. Осының нәтижесінде мегаполистегі көшелерді жарықтандыру көрсеткіші 70 %-ға жетеді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта мегаполистегі 228 көше, 8 саябақ пен 32 гүлзарда және 1026 көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы 43 016 көше шамдарына техникалық күтім жасалып жатыр.
«Нұршуақ», «Жаңаталап», «Батыс» тұрғын алаптарын электр жарығымен қамту жұмыстары бітуге жақын. Жаңа жылға дейін 4366 тұтынушы сапалы электр қуатына қол жеткізеді. Көгілдір отынмен барлық елдімекеннің 24-і қамтылған.
Қала көшелерін жарықтандыру бойынша 2020 жылы 102 көше, 2021 жылы 124 көше жарқтандырылған болса, биыл 144 көше жарықтандырылуда. Ал жаңа жылдан бастап 169 көшені жарықтандыру жоспарға қойылған.
Жалпы орындалуға тиіс жұмыстардың қазірге дейін 43,4% атқарылды.
Сондай-ақ, 2021–2023 жылдары жоба аясында тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін 312 көше жарықтандырылатын болады. Нақтылап айтар болсақ, 2021 жылы 104 көше, 2022 жылы 102 көше, ал 2023 жылы 106 көшеге жарықшамдар орнатылатын болады. Осының нәтижесінде мегаполистегі көшелерді жарықтандыру көрсеткіші 70 %-ға жетеді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта мегаполистегі 228 көше, 8 саябақ пен 32 гүлзарда және 1026 көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы 43 016 көше шамдарына техникалық күтім жасалып жатыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...