Астанада "Онкологияға инновациялық технологияларды енгізудің тәжірибесі мен болашағы" атты халықаралық ғылыми практикалық конференция өтуде. Оған Шымкент қалалық онкологиялық орталығының дәрігерлері де қатысуда.
Мамандар түрлі тақырыпта баяндама жасап, өздерінің озық тәжірибелерін ортаға салып отыр. Мұндай іс шаралардың дәрігерлер біліктігін арттыруда, сондай-ақ қатерлі ісікпен күресті нығайтуда маңызы зор.
Конференцияда отандық дәрігерлермен қатар Ресей, Ундістан, Грузия ТМД елдерінің жетекші онкологтары да төбе көрсетті.
Айтып өтейік, Шымкент қалалық онкологиялық орталығының мамандары біліктіліктерін арттыруда шетелдік әріптестерімен тығыз байланыс орнатқан. Мұндай тәжірибе алмасу шаралары қалада қатерлі ісік ауруларын алдын алуда және емдеуде оң нәтиже көрсетуде.
Айта кететін, Шымкенттегі “Бозарық-2” шағын ауданында 800 орындық университеттік көпбейінді аурухана мен ауысымына 700 адам қабылдайтын клиникалық-диагностикалық орталықтың құрылысы басталды.
Жоба арнайы мемлекеттік бағдарлама аясында Шымкент қаласының Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2026 жылға дейінгі өңірлік перспективалық жоспарына сәйкес іске асырылуда.
Нысандар жеке инвестор-“Оңтүстік”қаржы сауда-өнеркәсіптік корпорациясы» холдингі есебінен қаржыландырылуда, нәтижесінде қалада жаңадан 2500-нан астам жұмыс орыны ашылмақ.
Шараның салтанатты ашылуына қатысқан шаһар басшысы:
- Президентіміз Жолдауында басымдық бергендей, ел экономикасы мен халықтың денсаулығы арасында тікелей байланыс бар екені белгілі. Экономикалық дамудың әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, дені сау ұлт тиімді экономиканы қалыптастырады. Ұлт саулығы өндіріс ресурсы, кез келген қоғамдық жүйенің басты байлығы болып табылады. Осы орайда, қаламызда жаңа заманауи аурухана салу халыққа медициналық көмектің сапасын арттыратындығына, төсек-орын тапшылығын қысқартуды қамтамасыз етіп, қаламыздың тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алуға мүмкіндік беретіндігіне сенімдімін,-дей келе заманауи нысан салуға мұрындық болған «Оңтүстік» қаржы сауда-өнеркәсіптік корпорациясы» холдингінің, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының командасына және жеке С.Сейтжанұлына белсенді азаматтық ұстанымы мен шаһардың денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін алғыс білдірді.
Ал «САУТС-Ойл» компаниясының президенті С.Сейітжанов мегаполисті көркейту, дамытуда жолында аянбай еңбек етуге дайын екендіктерін жеткізді.
Қазіргі таңда жобаны іске асыру үшін Бозарық-2 шағын ауданында орналасқан жалпы ауданы 150 га арнайы аурухана құрылысы үшін бөлінген жер учаскесіне қажетті инфрақұрылым жүйелері атап айтқанда, электр, газ, су, кәріз жүйесі, телефония жеткізілді. Алдағы уақытта құрылыс кезеңінде қажетті жолдар мен жол инфрақұрылымының құрылысы қамтамасыз етіледі.