Бүгін Әл-Фараби ауданының 5-ші сектор тұрғындарымен (Темір жол вокзалы аумағы, МЖК, ескі автовокзал аумағы) кездестім. Ең алдымен аталған аумақта атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша баяндап, бүгінде электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 100% жеткендігін атап өттім.
Биыл 5-ші секторда біршама тындырымды істер атқарылды. Атап айтқанда, аумаққа 6 балалар ойын алаңшасы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында орнатылып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 3 көшеге асфальт салу жұмыстары сәтті аяқталды. Кәріз жүйесіне келсек, бүгінде Хлопзавод көшесін кәріз жүйесімен қамту жұмыстары толығымен аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді.
Шымкент қаласының әкімі Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен есепті кездесу өткізген болатын. Есепті кездесуге 350-ге жақын тұрғындармен қатар қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органдары мен басқармалардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Шаһар басшысы жиын соңында тұрғындарды толғандырған өзекті сауалдарға жауап берді.
М.Әйтенов 2022 жылдың I жарты жылдығында тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 84 кездесу өткізді.
Тұрғындардан 874 ұсыныс-пікір түсіп, оның 374-і орындалды, 316-ы жыл соңына дейін орындалуы жоспарда. Ал, 184 мәселе ұзақ-мерзімді қажет ететіндіктен 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілген.
Сонымен қатар, әрбір ауданнан қоғамдық бақылау кеңестері құрылып, әр сенбі сайын тапсырмалардың орындалуы талқыланып келді. Олар бекітілген аумақта қандай жұмыстардың, қашан атқарылатыны туралы тұрғындарды ақпараттандыруда.
Шаһар басшысы жиын соңында тұрғындарды толғандырған өзекті сауалдарға жауап берді.
Өткен жылы Әл-Фараби ауданын мобильді интернетпен қамту көрсеткіші 90 пайызға жеткен болса, осы жылы 100 пайыздық меже көзделген. Бұл мақсатта базалық станциялар орнатылып, нәтижесінде 195-орам, 275-276 орам тұрғындары сапалы интернетке қол жеткізеді.
Бұл туралы қала әкімінің тұрғындармен есепті кездесуінде аудан басшысы Р.Мыңбаев мәлімдеді.
Оптикалық интернет желісімен қамту мақсатында 2021 жылы шалғай орналасқан 2610 үйді қамтитын Сәуле шағын ауданына талшықты оптика желісі жүргізілді. 2022 жылы оптика желісі 195-орам, 275-276 орамға жүргізілмек. Нәтижесінде 100 пайыздық қамту көрсеткішіне жету жоспарланған.
Әл-Фараби ауданындағы 279,5 шақырым жолға асфальт-бетон төселген болса, 19,6 шақырымы шағал тас. Өткен жылы 5 көшеге асфальт, 13 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде аудан тұрғындары балалар алаңшасын салу, көшені жарықтандыру, қоқыстың уақытылы шығарылуы, жылыту маусымына қатысты мәселелерін көтерді. Барлық мәселелер хаттамаға түсіріліп, жіті бақылауға алатынын жеткіздім деді аудан әкімі.