Шымкентте биылғы жылыту маусымы 20 қазаннан басталған болатын.
Қазіргі кезде қаладағы 1987 көп қабатты тұрғын үй мен 484 бюджеттік мекеме жылыту жүйесіне 100% қосылды. Барлығы «ҚуатЖылуОрталық-3» МКК тарапынан орталықтандырылған.
2022 жылдың жылу беру маусымынан кейін 838 шақырым жылу жүйелерін тексеру барысында 79 ақау анықталған. Қазір оның 21-і түзетіліп, қалған 58 жағдай тамыз айының соңына дейін толық қалпына келтіріледі.
Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету үшін 18,0 шақырым жүйеге ағымдағы жөндеуге мердігер мекеме анықталуда. Жөндеу жұмыстары қыркүйектің соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37%-дан 35%-ға төмендейді.
Қаладағы 15 жылу қазандытың қазір 3-і қысқы маусымға дайын (К-19, ПМК-49, К-54), қалған 12 қазандық 15 қыркүйекке дейін толық дайын болады. Ал, жылу жүйесіндегі 17 сорғы стансаның 7 қысқы жылуға дайын тұр. Қалған стансаларда жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1987 көпқабатты тұрғын үйдің іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінге 179 үйдің жылу маусымына сай, қалған үйлерде дайындық жұмыстары атқарылуда.
Бүгінде қаладағы 484 бюджеттік нысанның 81-і жылу маусымына дайын тұр. Өзге нысандардарда дайындық жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік нысандар бар.
Сонымен қатар, бюджеттік нысандардың қатты отынға (көмір) қажеттілігі 4,7 мың тонна. Қазірде тасымалдайтын мердігер мекеме анықталуда.
Сұйық отынға (диз.топливо) қажеттілігі 655 тонна, бүгінге дейін 8,2 тоннасы тасымалдынды. Қалған сұйық отынға тасымалдаушы мердігер мекеме анықталуда. Қажетті отын көлемі 1 қыркүйекке дейін жеткізіледі.
К-24 қазандығы Шымкент қаласы әкімінің 27.05.2019 жылғы №452 қаулысы негізінде "Қуатжылуорталық-3" МКК теңгеріміне берілген. 1977 жылдан бері қолданыста. Қуаттылығы 26,6Гкал/сағ құрайтын 2 дана ДКВР-20-13 қазандығымен жабдықталған.
Осы арқылы шаһардағы бірнеше нысан:
- 66 көпқабатты тұрғын үй;
- 20 бюджеттік нысан;
- 4 жеке сектор (жер үй);
- 30 басқа заңды тұлғалар (дүкен, асхана, дәріхана және т.б.) жылыту жүйесімен қамтылған.
Жылуды қосу жұмыстары кезінде мына жайттарды назарға алуға шақырамыз!
ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес, «Қуатжылуорталық-3» МКК көппәтерлі үйдегі элеватор торабының бірінші фланеціне, яғни жертөлеге дейін жылумен қамтамасыз етуге жауапты. Ал ішкі коммуникациялар – тұрғындардың ортақ меншігі.
Сондықтан тұтынушылар жылу жүйелерінің қауіпсіздігін сақтауға, пәтер ішіндегі жатық және тік құбырлардың ауасын шығаруға, жылу қарызын есептеп, оны өтеуге жауапты. Бұған салғырт қарамауларыңызды өтінеміз!