Республика күні қарсаңында Шымкент қаласының “Абай” ауданына қарасты “Көкбұлақ” елді мекені табиғи газға қосылды. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов “Көкбұлаққа” арнайы барып, тұрғындардың қуанышымен бөліскен болатын.
Елді мекенді табиғи газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары былтыр басталған. Жалпы ұзындығы 1 6,1 шақырымды құрайтын газ құбыры тартылып, бекітілген жоспар мерзімінде іске асып, 100%-ға орындалды.
Қазіргі уақытта магистралды газ құбырына газ беріліп, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Шымкент өндірістік филиалы тарапынан абоненттеу жұмыстары басталды. Құжаттары дайын үйлерге рет-ретімен көгілдір отын кіргізілмек.
Қазіргі таңда мегаполис тұрғындарының 93% табиғи газбен қамтылған.
Жыл соңына дейін, “Тұран”, “Ақтас-1”, “Ақтас-2”, “Нұртас”, “Батыс”, “Сәуле-276” орам, “Ақжар”, “Арғымақ” елді мекендеріне табиғи газ тартылып, көрсеткіш 94,7%-ға жетеді. Осының нәтижесінде 34 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынмен қамтылатын болады.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы Тассай елді мекенін табиғи газбен қамту құрылысы жалғасып жатыр.
Мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмысы 2021 жылы басталған. Бүгінгі күнге дейін 36 шақырым газ құбыры тартылып, жұмыстардың 50 пайызға жуығы аяқталды.
Ішкі орамдық газ құбырын тарту жұмысы толығымен 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Тассай елді мекені сапалы ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз етілген.
Шымкент қаласында шағын аудандар мен құрылыс жұмысы аяқталған көпқабатты тұрғын үйлерді табиғи газға қосу үшін, ағымдағы жылдың 1-7 қарашасы аралығында төмендегі тұрғын үйлер мен шағын аудандарға табиғи газ беру кезең кезеңімен өшіріледі.
Төлеметова көшесі- мерзімі 2 күн
- «Көкжайлау» тұрғын үй кешені-12 дана
- Көпқабатты тұрғын ұйлер- 34 дана (Бәйдібек пен Өтегенов көшелерінің аралығы)
- «TIP PARK» элиталык қала- жеке тұрғын үй – 110 тұтынушы.
- 2 жекешелендірілген мектеп, оның ішінде «Назарбаев» атындағы жеке мектеп
- Көпқабатты үйлерге арналған қазандық (котельная)
Бозарық ш.а. бойынша-3 күн
- Өзбек, Ұста Мұхаммед, Қазақ радиосы, Шымған, Садовая көшесі-3100 тұтынушы
- 15 коммуналдық тұрмыстық тұтынушы, 5 дана оңдірістік мекеме.
Тұран ш.а. бойынша-1 кұн
- Тұран 2 м.а. ішіндегі көпқабатты үйлер (1300 пәтер) және коммуналдық тұрмыстық мекемелер мен өндірістік тұтынушылар
«Ескі қала» бойынша – 2 күн (бұл мерзімге ВДГО кірмеген)
ПГБ-135
- Бостандыкская, Хаят, Милицейская, Шымкентская, Узбекская, Турысова, көшелеріне қарасты 1125 абонент жер үйлер, көп қабатты 12 үй (380 пәтер)
- КТМ-18 дана және 5 дана ірі кәсіпорындар
ПГБ- 8
- МЖК, Текстиль аумағы мен Кабанбай батыра, Володарский, Юность, Анарова көшелеріне қарасты 234 жер үйлер және 35 дана көп қабатты үйлер (2055 пәтер)
- КТМ-18 дана және 7 дана ірі кәсіпорындар
«Әкімшілік іске орталығы»- 3,4 күн (бұл мерзімге ВДГО кірмеген)
Абонент саны-8000
Қосымша сұрақтар бойынша 8771-949-92-60, 39-48-54, 99-80-33, 39-74-81 нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.
ТАБИҒИ ГАЗ УАҚЫТША ӨШІРІЛЕДІ
