Қазақстанда жер қойнауын зерттеуге 7 миллиард теңге жұмсалады

Қазақстанда жер қойнауын зерттеуге 7 миллиард теңге жұмсалады

Қазақстанда жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз етуге және елдің геологиялық зерттелуін арттыруға шамамен, 7 млрд теңге жоспарланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі LS-ке сілтеме жасап.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бір жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес, 6,32 млрд теңгенің басым бөлігі өңірлік, геологиялық-түсіру, іздеу-бағалау және іздеу-барлау жұмыстарына жұмсалады. Оның ішінде мемлекеттік міндеттемелерге 6,29 млрд теңге тиесілі.

Сондай-ақ, 404,8 млн теңге минералдық-шикізат базасы мен жер қойнауын пайдалану, жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестер мониторингіне бөлінеді.

Ал иесіз мұнай-газ және өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларды жоюға және консервациялауға 252,4 млн теңге қажет.

 https://azattyq-ruhy.kz/society/12394-kazakstanda-zher-koinauyn-zertteuge-7-milliard-tenge-zhumsalady

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасы аясында ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге...

Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуімен бірге, қаланың бас жоспары қайта жаңартылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы...