Бүгін, 2022 жылдың 3 қарашасында Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Мұхамеджан Бахтияр Мұхамеджанұлы бастаған заң керуені кестеге сәйкес жергілікті халыққа жедел құқықтық көмек көрсету мақсатында Еңбекші ауданы Тоғыс елді мекеніне ат басын бұрды.
Көшпелі топтың құрамындағы прокуратура, әкімдіктің, құқық қорғау органдарының және аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты қызметкерлері кездесуге келген Тоғыс, Маятас, Елтай, Жыланбұзған, Айнатас елді мекен тұрғындарына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы, оның ішінде көшелерді жарықтандыру, асфальттау, қосымша жол белгілерін қою мәселелерімен қатар, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, жер беру, табиғатты қорғау, кәмелетке толмағандардың бос уақытын қамтамасыз етуге қатысты толғандыратын мәселелер бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын және алдағы жоспарланған іс-шаралар бойынша тиісті ақпараттар беруде.
Көз бояушылықты болдырмау мақсатында дереу сол жерде шешілмейтін мәселелер бойынша оларды егжей-тегжей қарау үшін тиісті уәкілетті органдардың өкілдерімен азаматтардан жазбаша өтініштері қабылдануда.
Бас прокуратураның бастамасымен ұйымдастырылып жатқан "Заң керуені" акциясы жалғасуда. Акция аясында Шымкент қаласының және Әл-Фараби ауданының прокуратурасы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы және басқа да уәкілетті органдардың қызметкерлері жоғарғы және төменгі Отырар, М.Дулати, Қазыбек би, А.Байтұрсынов, Д.Қонаев көшесінің жоғарғы бөлігі, Кіші Самал, Наурыз, Бам мөлтек аудандарының тұрғындарын Бам мөлтек ауданында орналасқан № 62 жалпы орта мектебінің акт залында жеке қабылдап жатыр.
Кездесу барысында тұрғындарға құқықтық және өзге де көмек көрсетілді. Жалпы "Заң керуені" акциясы оңтайландыру арқылы халықты әуре-сарсаңға салмау халықтың тығыз орналасқан жері бойынша кездесу өткізуде.
Көшпелі жұмыс тобының жұмысы таңғы сағат 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін және 4 қарашада Еңбекші ауданы, Қаратөбе елді мекенінде жалғасын табады.
Құрметті қала тұрғындары мүмкіндікті жібермей белсенділік танытып «Заң керуені» акциясына қатысуды сұраймыз.
ЗАҢ КЕРУЕНІ ЕЛДІ-МЕКЕНДЕРДІ АРАЛАУДА
