ДЕНДРОСАЯБАҚ АУМАҒЫНДА 400 ЖАРЫҚШАМ ЖАҢАРТЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚ АУМАҒЫНДА 400 ЖАРЫҚШАМ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Қала әкімінің тапсырмасы аясында Шымкент қаласындағы А. Аскаров атындағы дендрологиялық саябақтың жарықшамдары толығымен жаңартылды. Бүгінгі таңда мүлдем істен шыққан 400-ге жуық шам ауыстырылды.
Жарықшамдар Дендрологиялық саябақтың барлық дерлік аумағына қойылды, әсіресе салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар үшін веложол бойына толық орнатылды.
Жарықшамдардың қуаттылығы 150ВТ.
Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары Дендрологиялық саябақ жарықшамдарының алдағы уақытта тәулік бойына жанып тұруын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Қуаттылығы 150 Вт - ты құрайтын жалпы саны 100 дана жарықшам ауыстырылды. Алдағы уақытта тағы 250 - і жаңартылмақ.
Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы үшін шамдар таңғы 5:00-ден 7:00-ге дейін және кешкі 19:00-ден 22:00-ге дейін жанып тұратын болады.
Еске салар болсақ, А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында өрттің алдын- алу шаралары күшейтілген тәртіпте жүргізілуде.
Аптап ыстықтан өрт қаупінің басымдылығына байланысты «Build stroi» ЖШС-де өз тарапынан көмек көрсетуде. Компаниядан қураған шөптерден тазалау жұмыстарына қосымша 150-ге жуық адам жұмылдырылған. 85 шөп орғыш техника және 12 дана көлік көмегімен дендросаябақтың аумағында 5 арнайы топ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Қазіргі таңға өрт қаупі бар 8 гектар жерде тазалау жұмыстары жүргізілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жасыл желек аймағы бақылауға алынған. Сақтық шарасы мақсатында 2 су тасымалдау көлігі дайындалып отыр.
Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мамандарының айтуынша күні бүгінге дейін дендросаябақта өрт салдарынан ағаштарға зақым келген жоқ.
Саябақ аумағындағы жасыл –желек саны 100,5 мың данадан асады. Аймағында Қазақстанның қызыл кітабына енген ағаштың 10 түрі бар. Олар: кәдімгі өрік, іле бөріқарақаты, кавказ таудағаны, зеравшан аршасы, недзвеция алмасы, сиверс алмасы, соғды шағаны, ақ тораңғыл, жабайы жүзім, тау пістесі. Сирек кездесетін ағаштардың 96 түрі бар.
Былтырғы жылдан бері бос жатқан 6 га аумаққа қосымша 2000 түп көшет қондырылған. Оның ішінде өрік, жиде, шие, дерен және әртүрлі жәй жапырақты шаған, айлант, үйеңкі отырғызылған.
Одан бөлек, жартасты арша, агава, тікенекті көгілдір шырша, жабайы жүзім (Қызыл кітапқа енген), Сібірлік шырша, Калифорния терек, терек -2000, айлант -840, ақ тораңғыл (қызыл кітапқа енген), ақ сексеуіл егілген. Шағын раушан гүлдер бағын жасау мақсатында 1000 раушангүл отырғызылып күтіп-бапталуда.
Айта кету қажет, экологиялық кеңес мүшелері мен мәслихат депутататтары дендросаябақтың даму концепциясының көп тұстарымен келіспеді.
Басты себеп - олардың пікірінше, онда дәмхана, сауда нүктелері мен атракциондар салатындай демалыс аймағы орта және шағын бизнесті дамытатын орын емес.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...