Шымкент аграрлық-техникалық колледжінде «Жұмыс беруші күні» аталып өтілді. ТжКБ беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Жұмабекұлы, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тәжиева Жанат Арысбекқызы, ТжКББ бөлімінің басшысы Алтаева Жанар Бекетқызы және колледждің әлеуметтік серіктестері
«Alliance Buildings» ЖШС директоры Кадиров А.А., «Югдорстрой» ЖШС директоры Махкамбаев М.М., «Altai Bulding LTD» директоры Хайтметов С.М., ЖК «Дилбаржон» директоры Мирякубова Д., т.б. бірқатар жұмыс берушілер қатысты. Салтанатты іс-шара келген қонақтарды колледж студенттерінің қолөнер көрмесін таныстырумен басталып, жалғасы колледждің акт залында өткізілді. Колледж директоры Елекеев Марс Атымтайұлы келген қонақтарды таныстырып, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлына сөз берді. Құттықтау сөз сөйлеген әкім орынбасары ҚР Оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтің «Алғыс хатымен» жұмыс беруші кәсіпкер «Югдорстрой» ЖШС директоры М.Махкамбаевқа, ЖК «Турсунбаев У» директоры У.Турсунбаевқа, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімі М.Әйтеновтің «Алғыс хатымен» «Alliance Buildings» ЖШС директоры А.Кадировқа берді. Келесі кезекте сөз алған Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тәжиева Жанат Арысбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, ЖК «Дилбаржон» директоры Д.Мирякубоваға өз алғысын білдіріп «Алғыс хат» табыстады.
Колледж директорының ОӨІЖ орынбасары Н.Ерғазы «Кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілер» - тақырыбында баяндама жасады. Жиын барысына бірқатар жұмыс беруші, кәсіпорын басшыларына колледж директоры М.Елекеевтің арнайы «Алғыс хаты» беріліп, колледжбен ЖК «Дилбаржон» мекемесі, «Югдорстрой» ЖШС мекемелері арасында екі жақты меморандум (келісім-шартқа) қол қойылды. Жиын соңында келген қонақтардың құрметіне, колледж көркем өнерпаздары тарапынан дайындалған концерттік бағдарламасына ұласты.