Ауыл шаруашылығы министрлігі пиязды ішкі нарықта сатуға басымдық берілетінін мәлімдеді.
2023 жылы 28 қаңтарда Қазақстанда пиязды ел аумағынан әкетуге үш айға тыйым салынды. Бұл үшінші елдердің отандық көкөністерге деген сұранысына байланысты туындады. Бұйрыққа сәйкес аумақтық инспекциялар экспортқа фитосанитариялық сертификаттарды рәсімдеуді тоқтатты.
Алайда, құжат күшіне енгеннен кейін Ресей Федерациясымен шекараның кедендік өткізу бекеттерінде 2023 жылдың 28 қаңтарына дейін уәкілетті органдар тарапынан тыйым салу туралы бұйрық күшіне енгенге дейін рәсімделген, фитосанитариялық сертификаттары бар көліктердің кешігу мәселесі туындады.
Ережеге сәйкес, ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері 28 қаңтарға дейін пиязды Қазақстаннан тыс жерлерге әкетуге тиіс болатын. Бүгін Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» өткізу пунктіне келген АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының м.а. тиісті түсініктеме берді. Қаныш Әлиев кездесуге қатысқандарға пиязды ішкі нарықта сату қажеттілігі туралы айтты, бұған жергілікті атқарушы органдар жәрдемдесуі тиіс. Кәсіпкерлер бұл мәселеге қатысты оң жауап берді. Нәтижесінде пияз тиелген 24 автокөлік Түркістан облысына оралды. Қазір «Сырым» өткізу бекетіндегі жағдай тұрақтандырылды.