Алматыдағы Сайран су қоймасы алғаш рет тазаланып жатыр

Алматыдағы Сайран су қоймасы алғаш рет тазаланып жатыр
Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасының қызметкерлері Сайран су қоймасының түбін тазарту жұмыстарын бастады, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
 
Су қоймасының түбі мен жағалауын лайдан, қамыс пен қоқыстан  механикалық тазарту жүргізіліп жатыр.  Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұрындары су қоймасының түбін тазарту  жұмыстары мүлдем жүргізілмеген.

Механикалық тазалау жобасы аясында тереңдету, еңістерді түзеу, батыс жағалауды реттеу, жағажайды тазалау мен сол жақ жағалаудағы пирсті жөндеу жұмыстары қарастырылған. 

Механикалық тазарту жұмыстарын мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

"Су қоймасының түбін тазарту жұмыстарының жалпы аумағы - 162 мың шаршы метр. Ал тазарту жұмыстарымен 35 жұмысшы айналысады. 2023 жылдың сәуір айында  осыған ұқсас  тазарту жұмыстарын  Әуежай және Қарасу өзендерінде де жүргізу жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Санкт-Петербург қаласында өткен Халықаралық экономикалық форумға қатысып,...

Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы емханасының базасында 3 айдан 3 жасқа дейінгі ерекше қажеттіліктері бар балаларды...