Нар тәуекел – партияның ұстанымы мен мінезі – Алмас Ахметбекұлы

Нар тәуекел – партияның ұстанымы мен мінезі – Алмас Ахметбекұлы

Белгілі ақын Алмас Ахметбекұлы тележүргізуші Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында «AMANAT» партиясының Съезінде жаңа адамдар көп болғанын, сол сияқты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын қозғап өтті.


«Съезде жаңа адамдарды көп көрдік. Оның үстіне Съездің форматы мықты болды. Мәселен өзім сөз сөйледім. Бәрін ашық айтуым керек, ақсақалмын, сол себепті маған еркін формат беріңіздер дегенімде еш қарсылық болған жоқ. 3 минуттың орнына 6 минут сөз сөйледім. Бұл жолғы Съезде жұрттың сөзіне, мінезіне, мемлекетшіл идеяға еркіндік беру байқалады. Съезге қатысқандардың арасында ескі құрамның тек белсенділері ғана болды. Бұл қоғамды тұтас қамтыған құрылтай болды. Қоғам қандай, сол қоғамның көшірмесі сияқты өтті.


Өз басым ұсынылған кандидаттарға қарап көңілім толды. Мысалы әлемде вакцинаны жасап шыққан бес-ақ ел бар. Солардың арасында Қазақстан да бар. Кандидаттардың арасында осы COVID-19-ға қарсы вакцинасын шығарған Күнсұлу Зәкария болды», - деп ақын үміткерлердің бірін мысал етті.


Сұхбат барысында «AMANAT» партиясының бағдарламасы 200 мыңнан аса талап-тілектің негізгі бағыттары бойынша дайындалғанын жеткізді.


«Ең бастысы – қоғамның барлық саласының талап-тілектерін орындау. Содан кейін нар тәуекел деген тіркес – осы жолғы партияның сайлауалды ұстанымы, мінезі болмақ. Бағдарлама 200 мыңнан астам талап-тілектің жиынтығынан кейін жасалған. Сондықтан бұл жұмысқа кірісу – анау-мынау тәуекелді емес, нар тәуекелді қажет етеді. Нар деген – қазақтың түлік атаулысының үлкені, ірісі, жүк көтеретіні, көш бастайтыны, шаңырақ көтеретіні. Сол себепті ең үлкен күш-қуатпен, ең үлкен тәуекелмен алдыға жүреміз деген бағытты білдіреді», - деді Алмас Ахметбекұлы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау...

Ресей, Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының...