Уфук Экиджи Түркияда жер сілкінісі болған аймақта 13,5 миллионнан астам адам тұратынын хабарлады. Оның айтуынша, жер сілкінісі аймағындағы барлық ғимарат зардап шекті, арасында егер қирамағандары бар болса, яғни аман қалғандары көптеген сызат пен жарықтар салдарынан жарамсыз болу қаупі бар.
"Қазір аман қалған ғимараттардың қауіпсіздік дәрежесін анықтау үшін сараптамалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол қалай аяқталады, сол кезде ғана адамдардың үйлеріне оралуға болатыны-болмайтыны айтылады. Сондықтан алдағы 3-7 күнде адамдардың қалада тігілген шатырлы қалашықта бола тұруына тура келеді. Бүгінгі таңда 92 738 шатырлы күркеше орнатылды. Адамдар суықта тоңып қалмас үшін жылы заттар, қалың көрпелер, ұйықтауға арналған қалың орамалар көп мөлшерде бөлініп жатыр. Шатырлы қалашық алдында адамдар ыстық тамақ ішуі үшін дала асүйлері де түзілген" деді Уфук Экиджи.
Оның айтуынша, жер сілкінісінен кейінгі алғашқы 72 сағатта, ал жақсы ауа райы кезінде 100 сағатқа дейін уақытта, яғни бес күн ішінде "адамдарды үйінділер астынан аман-есен құтқаруға мүмкіндік бар".
Түркияға табиғи апаттың салдарын жою мақсатында 36 елдің, оның ішінде Қазақстанның құтқарушылары да аттанды.
Барлығы 75 ел үн қатып, көмек көрсету туралы өз ұсыныстарын жолдаған.
"Қазақстанның мемлекеттік органдары қолдау көрсетіп, ынтымақтастық танытып, бірден көмек көрсету үшін шаралар қабылдағанына өте қуаныштымын. Қарапайым азаматтар да сұралған гуманитарлық көмек туралы үндеуге жауап қатып, Түркияға жіберу үшін түрлі заттар жинап жатыр. Үкіметке және сұраған көмегімізге үн қатқан барлық Қазақстан азаматына алғысы білдіргім келеді" деп айтты Уфук Экиджи.
Оның айтуынша, адамдар қаржылай да көмек көрсетуге дайын.
"Шет мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстан азаматтары мен бизнес өкілдері де зардап шеккендерге жолдау үшін арнайы шот ашып, қаражат жинауды бастады. Қазақстандағы Түркия елшілігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында осындай шоттың Қазақстанда да ашылғаны туралы ақпарат жарияланды. Қазірдің өзінде ол арада шамамен 90 мың доллар жиналды. Бұл қаражат зардап шеккендерге көмек көрсету үшін беріледі. Сондай-ақ біз киім-кешек, зат түрінде де гуманитарлық көмек қабылдап жатырмыз. Гуманитарлық көмекті жинау біздің елшілікте және Қазақстан аумағындағы басқа да өкілдіктерімізде ұйымдастырылып отыр, атап айтқанда Алматы мен Ақтаудағы бас консулдықтарда" деп жеткізді Уфук Экиджи.
Түркияның Қазақстандағы елшілігі де қайырымдылық реквизиттерін жариялады.
Kzi Банк (теңге):
Карта нөмірі: 5354 5700 2979 2895
Шот нөмірі: KZ43885102870D1ZLV00
SWIFT коды: KZIBKZKA