«АМАNАТ» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Қайыржан Құсайынов пен Руслан Әубәкіров Жақсы аудандық ауруханасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кандидат партияның Ақмола облысында алдағы бес жылдықтағы жоспарымен бөлісіп, 2027 жылға дейін жүзеге асырылатын партияның негізгі міндеттерін атап өтті.
«Бағдарламамыз партияның қоғамдық қабылдауына азаматтардың өтініштері мен түскен тапсырыстар негізінде жазылды. Бізде аймақтың проблемалары туралы нақты көзқарас және мұқият ойластырылған іс-қимыл жоспары бар! Біз бүкіл облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істеуге дайынбыз және өңірімізді, Қазақстанымызды бірге дамытуға шақырамыз», - деді Руслан Әубәкіров жиналғандарға.
Партияның Сайлауалды бағдарламасында жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарға мүмкіндіктер беру, туризм мен ауыл шаруашылығын дамыту, сапалы білім мен қолжетімді медицина алу үшін жағдай жасау, бұқаралық спортты, мәдениет пен демалысты дамыту, сондай-ақ жастарға жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарға туризм мен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері енгізілген.
«АМАNАТ партиясы кадр тапшылығы мен мамандарды даярлау сапасы, балабақшалардың, мектептердің, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының, спорт және мәдениет нысандарының болуы, оларды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, халықты баспанамен, ауыз сумен, газбен қамтамасыз ету, жолдардың сапасын жақсарту, т.б. мәселелерін шешеді. Осының барлығы бес жыл ішінде студенттік орын тапшылығын жойып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді», - деп бөлісті Қайыржан Құсайынов.
Сондай-ақ, партия тарапынан бағдарламада көрсетілген іс-шаралар облыстағы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту көрсеткішін арттырып, медицина қызметкерлерінің тапшылығын шешуге мүмкіндік береді.
Партия мүшелерінің күш-жігері облыстың ауыл шаруашылығы саласын қолдау мен дамытуға, сондай-ақ ауыл еңбеккерлерінің табысын одан әрі арттыруға, өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қолдау көрсету арқылы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелерін шешуге бағытталатын болады. Бағаның өсу қаупі барынша жоғары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жедел қорын ұйымдастыруды бақылау қамтамасыз етіледі және жеңілдікті несиелер беру арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге қолдау көрсетіледі.
Мұның барлығы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға, ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуіне, негізгі азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынының төмендеуіне ықпал етеді.
Баяндамашы жиналғандарды алдағы сайлауда «АМАNАТ» партиясының кандидаттарын қолдауға шақырды.
«Біздің Сайлауалды бағдарламамыз біздің құндылықтарымызды, басымдықтарымыз бен ұстанымдарымызды көрсетеді. «АМАNАТ» партиясы жауапкершіліктен қорықпайды, үлкен саяси тәжірибесі бар және жүзеге асырылатын нақты жоспарларды ұсынады. «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасы – әрбір азаматтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты іс-әрекеттер бағдарламасы!» – деп түйіндеді кандидаттар.
Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.