Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Asia Trafo» зауыты іске қосылған болатын. Сипаттамасы жөнінен бірегей болып танылған трансформатор зауыты Шымкент қаласының «Тассай» өндіріс аумағында 12 гектар жерге орналасқан. Зауыт - кернеуі 110кВ-дан 500кВ-ға дейінгі трансформатор шығаратын Орталық Азиядағы бірден-бір өндіріс орны.
Бүгін Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Альбина Елшиева, Алмасходжа Қайыпов аталмыш еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Жиында кандидаттар жұмысшыларға жетекші партияның «Халықпен бірге!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
- Өндіріс аумақтарына қажеттіліктің артуына байланысты 2027 жылдың соңына дейін 2 жаңа индустриялдық аймақ ашу және екеуін кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Бұл индустриялық аймақтарда 100 жоба іске асырылып, 560 млрд. теңгеге инвестиция тартуға, 12 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 2027 жылы қаланың сырт аумағынан ауыр металлургия өнеркәсібі саласында жаңа өндірістік алаңды инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, іске қосуды жоспарлап отырмыз, - деді өз сөзінде Альбина Балғабайқызы.
Кездесулерге қатысқан кандидаттар еңбек ұжымының қызметкерлерін 19 наурызда өтетін сайлауға бір кісідей қатысып, «AMANAT» партиясына дауыс беруге шықырды.
Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.