Облыстық мәслихат депутатына үміткер Жилбаев Жанбол, Чидунчи Ирина, Терентьев Александр, Ибрагимов Калауиден және Ақтоғай аудандық мәслихатына үміткерлер Ақтоғай ауданына барып, Балтасап, Жалаулы ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кандидаттар алдымен «AMANAT» партиясының сайлаулды бағдарламасын таныстырып, ауыл тұрғындарының талап-тілегін тыңдады.
Жалаулы ауылының тұрғындарының айтуынша, ауыл мектебінде 10-11 сыныптар жоқ. Ал көрші ауылда мектеп-интернаты бар, бірақ оқушыларды көрші ауылға тасымалдайтын көлік қарастырылмаған. Бүгінгідей білім мен ғылымға ден қойылған заманда бұл өзекті мәселе екені даусыз. Үміткерлер аталған мәселені бақылауда алып, тиісті орындарға жеткізетінін айтты.
- Ақтоғай ауданының Балтасап ауылында жастар көп екен. Алыстан көшіп барып жатқандар бар дейді. Бірақ үйлер аз. Сондықтан, тұрғындар ауылға жаңа үйлер салынса деген пікірде. Менің ойымша мұны шешуге болады. Себебі, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында 730 мыңнан астам отбасы үшін қолжетімді бағадағы 78 миллион шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салу жоспарланған. Екіншіден, жас кәсіпкерлерге несие берудегі ережелерге өзгеріс енгізу керек. Себебі, ауыл жастары жеңілдетілген несие алып, жеке кәсіп істейін десе кепілге қоятын мүлік жоқ. Басындағы үйлерін төмен бағалайды. Ал біздің сайлаулды бағдарламада несиелеуді барынша жеңілдетуді көздейді. Сондықтан, мәслихат депутатына өтіп жатсақ бұл мәселемен айналысатын боламыз, - деді Жанбол Жилбаев.
«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасында білім беру саласы, соның ішінде мектеп жасындағы оқушыларға жағдай жасауға қатысты нақты ұсыныстар көрсетілген. Сондықтан, аманаттықтар бұл мәселені алдағы уақытта да назардан шығармайтынына сенеді тұрғындар.
Дайындаған: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А
Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко
Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді. *Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.