19 наурызда өтетін сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстарының соңғы аптасы басталды. Қалалық сайлауалды штабының жұмысы жоспарға сай жүруде. Бүгін партияның қалалық филиалының Атқарушысы хатшысы Жанар Бектаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығынан үміткер Бақытжан Позилов, партияның Абай аудандық филиалының атқарушысы хатшысы Есімхан Бертаев Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада болды.
Ұжымға сайлауалды бағдарламаны таныстырған үміткерлер дәрігерлермен тілдесіп, сапалы медицинаны дамыту туралы әңгімелесті.
– «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов сайлауалды ақпараттық-насихат кезеңі басталған кездегі сөзінде халықтың үшінші сұранысы – сапалы білім мен медицина екенін айтқан болатын. Осыған орай «AMANAT» партиясы алдағы 5 жылда осы мәселелерді түбегейлі шешуді жоспарлап отыр. Яғни, сапалы білім мен озық медицина қолжетімді болады, – деді Шымкент қалалық мәслихатының депутаттығынан үміткер Жанар Бектаева.
Жиында ақ халатты жандарға сайлауалды бағдарламадағы басқа да бағыттарды таныстырылды. Дәрігерлер де өз ұсыныстары мен талап-тілектерін айтып, екі жақты диалог құрылды.
Айта кетейік, Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухана үшінші мегаполистегі белді аурухананың бірі саналады. Мұнда бірнеше жылдан бері бауыр, бүйрекке ота жасау, алмастыру ісі жақсы жолға қойылған.
Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.