Қарттар арасында скандинавиялық серуендеу турнирі өтті

Қарттар арасында скандинавиялық серуендеу турнирі өтті

Қарттар арасында скандинавиялық серуендеу турнирі 28 гвардияшы-панфиловшы атындағы саябақта өтті. Жарыс Наурыз мейрамына орайластырылған.
Сайысқа Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының өкілдері атсалысты. Іс-шараға барлығы 300 зейнеткер қатысты.
Мереке «Зумба» биімен басталды. Жарыстан кейін барлық қатысушы мен қонаққа ыстық шәй, бауырсақ және тәттілер таратылды. Жеңімпаздарға медальдар мен жүлделер табысталды.
Алматының белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары — бұл қарттарға арналған демалыс және қарым-қатынас ортасы. Мұнда әртүрлі үйірмелер бар. Зейнеткерлер емдік йога, айкун, скандинавиялық серуендеу, музыка және би, тіл үйрену жазылып, компьютерлік курстарға қатыса алады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен елімізге алғашқы ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радев екі мемлекет...

Түркістан қаласында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі бойында орналасқан көпірде сурет салуға арналған арнайы алаңдар бар. Осы...