ҚАЛА АУМАҒЫНДАҒЫ СУ БАСУ ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРҒА ТІКҰШАҚ АРҚЫЛЫ ӘУЕДЕН ШОЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚАЛА АУМАҒЫНДАҒЫ СУ БАСУ ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРҒА ТІКҰШАҚ АРҚЫЛЫ ӘУЕДЕН ШОЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Казгидрометтің хабарлауы бойынша наурыз айында жаңбыр нормадан көп күтіледі деген болжам бар.
Бұл дегеніміз осы мезгілде су басу жағдайлары күрделенуі мүмкін.
Су тасқыны кезеңінде халықты дер кезінде хабардар ету мақсатында Департамент СМС хабарламалар, цифрлық 26 теле және 3 радиоарналарды ұстап алу құралдары арқылы дауылды ескертулерді үнемі жариялап отырады (күніне 4 рет).
Бүгінгі таңда Департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бірқатар жұмыстар жүргізді, атап айтқанда:
Қала аумағындағы су басу қауіпті аймақтарға тікұшақ арқылы әуеден шолу жұмыстары жүргізілді, оған Департаменттің және қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшылары қатысты.
Сонымен қатар Департаменттің аудандық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері аудандық әкімдіктерімен бірлесіп қауіпті су басу ықтимал учаскілерге жерүсті мониторинг жүргізді. Нәтижесінде қауіпті деп танылған учаскілердегі каналдарды, ирригациялық жүйелерді жиналған қоқыстан тазарту жүргізілді.
Шымкент қаласында су тасқыны жағдайы тұрақты. Қала аумағында 10 гидротехникалық құрылыс бар. Атап айтқанда, 4 су қойма, 3 гидроторап, 2 канал, 1 су жинағыш. Оның ішінде Ақжар су қоймасы жөндеуді қажет етеді. Авариялық және иесіз гидротехникалық құрылыс жоқ.
Сонымен қатар өңірімізде 4 ірі өзен мен 27-ден астам канал ағады. Жалпы су қоймаларының толуы 60-70% құрайды. Көктем мезгіліндегі тасқын суларды қабылдау үшін су қоймаларында қорлар жеткілікті. Өзендердегі судың деңгейі ортадан төмен.
Шымкент қаласының 5 ауданы бойынша 30 су басу қаупі бар учаскі анықталған. Су басу қауіпі бар аумақта 50 көше орналасқан.
Қала аумағында ұзындығы 56 шақырым құрайтын 12 канал, 339 ирригациялық жүйелері қоқыстан тазартылды.
Жағдай күрделенген кезінде Департамент және азаматтық қорғау мүшелерінің қызметтері күшейтілген түрге өткізіледі. Осы сәтте Департаменттің дағдарыс жағдайлар орталығында азаматтық қорғау мүшелерінің кезекшілік ететін штабы ұймдастырылып, үйлестіру жұмыстары атқарылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...