Алматыда 3 мыңға жуық өнімділігі жоғары жұмыс орны ашылады

Алматыда 3 мыңға жуық өнімділігі жоғары жұмыс орны ашылады

Алматыға жұмыс сапары барысында Премьер-министр өндіріс нысандарының жұмысымен және құрылысымен танысып, шағын өнеркәсіп парктері мен қаладағы индустриялық аймақ резиденттерімен кездесу өткізді.
Үкімет басшысы жолаушылар, жүк және мамандандырылған техника шығаратын «Hyundai Trans Auto» ЖШС зауытына барды. Кәсіпорын 2011 жылы «Hyundai Motor Company» компаниясымен (Оңтүстік Корея) ынтымақтастық туралы меморандум аясында іске қосылды.
Бүгінгі таңда зауыт республиканың жеке меншік компанияларына, коммуналдық ұйымдарына және мемлекеттік органдарына Hyundai, Golden Dragon және Foton көлік құралдарының кең желісін (реанимобильдер, өрт сөндіру машиналары, қоқыс таситын көліктер, су таситын көліктер, эвакуаторлар, жүк көліктері) жеткізеді. Алдағы бірнеше жылда кәсіпорын басшылығы өндірісті кеңейтуді, жаңа жұмыс орындарын ашып, экспортты ұлғайтуды және локализациялау үлесін арттыруды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар «Астана Групп» холдингінің президенті Нұрлан Смағұлов Премьер-министрдің назарын бірқатар проблемалық мәселеге аударды. Атап айтқанда, өнім экспорты, Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдау және өндірушілерге кәдеге жарату алымы бойынша берешекті төлеу мәселелері қозғалды.
Әлихан Смайылов Үкімет ел экономикасын одан әрі әртараптандыруды қолдайтынын және бұл зауыт осы жұмыстың бір мысалы екенін атап өтті.
«12 жыл ішінде кәсіпорын нарықтағы өз позициясын едәуір нығайтты. Біз компанияның өнім желісіне инвестиция салу және оны кеңейту жоспарларын құптаймыз. Мемлекет басшысы қала әкімдігінің алдына халықтың жүріп-тұруына ыңғайлы көлікпен қамтамасыз етіп, экологияға тигізетін зардаптарды азайту міндетін қойды. Сондықтан бұл өндіріс тек қала үшін ғана емес, бүкіл республика үшін де зор маңызға ие», деді Премьер-министр.
Сондай-ақ Үкімет басшысы көтерілген мәселелердің шешімін табуға жәрдемдесетінін айтты.
Қазіргі уақытта Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктерінің тапсырысы бойынша «Hyundai Trans Auto» ЖШС зауытында Golden Dragon маркасының мектеп автобустары және Hyundai (H-1, H350) шағын автобусы базасында жедел жәрдем көліктері құрастырылып жатыр. Атап айтқанда, «Мектеп автобусы» пилоттық жобасы аясында Алматы әкімдігі мектепке оқушыларды тасымалдау үшін 100 жаңа техника сатып алуды жоспарлап отыр. Барлығы 29 мектепте білім алатын 7,7 мың оқушыға жағдай жасау көзделген. Аталған автобустар заманауи қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Бүгінгі таңда әрбір мектеп бойынша егжей-тегжейлі маршруттар белгіленіп, сонымен қатар балаларды отырғызу және түсіру үшін көліктің келу уақыты көрсетілетін арнайы аялдамалар дайындалып жатыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...