ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тапсырма берген болатын. Себебі, елімізде жайылымның жетіспеуі – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қолбайлау.
Қала аумағындағы ауыл шаруашылығы және басқа да мақсаттарға арналған жерлерге кешенді мониторинг жүргізу бойынша құрылған жұмыс тобы тиісті тексеру шараларын жүргізуде. Мониторинг барысында анықталған Ынтымақ шағын ауданы аумағынан 15,73 га. және 24,15 га. бос жер телімі мемлекетке қайтарылды. Жет телімдері қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына тұрақты жер пайдалану құқығымен рәсімделді.
Сондай-ақ, Әл-Фараби аудандық сотының шешіміне сәйкес 6 жер учаскесін мемлекеттік меншікке алу шешімі шықты.
Бұдан бөлек, арнайы комиссия 9 жер учаскесінің пайдалану мерзімінің өтіп кеткенін анықтаған. Бүгінде жалпы алаңы 14,34 гектар жерді басқармаға рәсімдеу жұмыстары әзірленуде.
Айта кетейік, арнайы құрылған жұмыс тобының мониторинг жұмыстары жалғасады. Бұл бағыт бойынша бос жер телімдері анықталған жағдайда мемлекет теңгеріміне алынады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздегі экономикалық қайта құру жер реформасы арқылы жүргізілді. Бұл 1991 жылы «Жер реформасы туралы» Заң қабылданғаннан кейін жүзеге асырылды. Аталған заңға сәйкес облыстық жаңадан құрылған жерге орналастыру қызметі 1992 жылдың наурызынан бастап жұмыс істеді. Реформаға айырықша маңыз берілді. Осының арқасында ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстар ғана емес, жер қатынастарындағы экономикалық, саяси, жерді пайдалануды түбегейлі қайта құру секілді ауқымды жұмыстар жүзеге асты. Бұл үшін халық депутаттары аудандық кеңестерінің арнайы жер қорлары құрылды.
Елімізде жайылымның жетіспеуі – ауыл шаруашылығы саласы үшін өзекті мәселе. Осыған орай Мемлекет басшысы пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл бағытта Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы және басқа да мақсаттарға арналған жерлерге кешенді мониторинг жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылған болатын.
Бұдан бөлек, Шымкент қалалық жер комиссиясында анықталғандай 9 жер учаскесінің пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Бүгінде жалпы алаңы 14,34 гектар жерді басқармаға рәсімдеу жұмыстары әзірленіп жатыр.
Айта кетейік, арнайы құрылған жұмыс тобының мониторинг жұмыстары жалғасады. Бұл бағыт бойынша бос жер телімдері анықталған жағдайда мемлекет теңгеріміне алынады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ