СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМ: МӘСЛИХАТТЫҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМ: МӘСЛИХАТТЫҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Депутаттарға куәлік пен төсбелгі табыс етілді. Депутаттар ұсынысымен Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы болып сайланды.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов депуттарды ел сеніміне ие болуымын құттықтап, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
«Алдымызда атқаратын ауқымды жұмыстар тұр. Қазіргі жаһандану процессінде көштің соңында қалмас үшін жылдам және ұтқыр шешімдер қабылдай білуіміз қажет. Біз әрқашан да халық үнімен санасып, қаланың стратегиялық құжаттарын, бюджетті қалыптастыру, нормативтік құжаттарды бекіту барысында ел мүддесін бірінші кезекке қойып келеміз. Қаламыздың әлеуметтік экономикалық жағдайы Үкіметтің қолдауымен тұрақты дамып келеді. Алда атқарылатын нақты міндеттерді өздеріңізбен бірлесе жүзеге асыратынымызға сенімдімін» - деді қала әкімі.
Сессияда тұрақты комиссияларды құру мен оның тiзбесi, құрамы белгіленіп, алдағы жоспарлар бекітілді.
Қаладан Парламент Мәжілісіне бір мандатты округ бойынша 2 депутат және қала мәслихатына 16 депутат сайланды.
19 наурызда қала әкімі Мұрат Әйтенов: "Азаматтық қоғамның және саяси институттардың жетілгенін көрсетуде бұл сайлаудың деңгейі жоғары деп есептеймін. Кандидаттар өте көп. Елді өркендетуге өз үлесін қосуға ниеттенген белсенді азаматтар - қоғамның түрлі саласының өкілдері. Мемлекет олардың барлығына теңдей мүмкіндіктер жасады. Бұл бәсекелестік деңгейі мен саяси мәдениеттің артқанының айғағы деп білемін" - деген еді қала әкімі.
Жалпы сайлауға жаңадан құрылған саяси ұйымдарды қосқанда 7 партия қатысқан болатын.
Мәжіліс депутаттарының 30 пайызы, ал, мәслихат депутаттарының 50 пайызы мажоритарлық жүйемен, яғни, бір мандатты округтер арқылы сайлауға түскен. Қалада 330 сайлау учаскесінде тұрғындар өз таңдауларын жасады. Жалпы қаламызда белсенді дауыс беру құқығына ие 639 663 сайлаушы бар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ