ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕР БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕР БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСУДА

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов балық шаруашылығының жайымен танысты. Маятас елді мекеніндегі «Бадам» су қоймасының жанынан құрылған «Айнакөл 2020» ауыл шаруашылығы кооперативінің балық шаруашылығында болды. Қазіргі таңда су тоғанының жанындағы жасанды көлге 50 мыңнан аса балық шабақтары жіберілген. Көлдің аумағы 5,5 гектарды құрайды. Кооператив басшысы Дильдахан Ахметов үкімет қолдауларын ұтымды пайдаланып, қалада балық өндірісін дамытуды көздейді.
Жеке кәсіпкер Равшан Махамадов те қолдан жасалған су тоғанын құрып, балық асырауда. Бүгінде жасанды көлге балық шабақтарын жіберіп, алғашқы тәжірибелік жұмыстарын жүргізуде. Кәсіпкер мемлекеттік қолдау арқылы шаруашылығын кеңейтіп, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр.
Қала басшысы жауаптыларға ауылшаруашылығы өнімдерімен ішкі нарықты қамтамасыз етуде, экпорт көлемін арттыруда нақты тапсырмалар жүктеді.
Былтырғы жылы Шымкентте «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде қайтарымсыз грант алған 1195 азаматтың 506-ы көп балалы отбасы мүшелері. Мемлекеттік қолдауға өтініш берген шалғай елдімекен тұрғындары көбіне мал шаруашылығын дамытуға бағытталған бизнес жоспарлар ұсынған. Солардың бірі - Күмісбек Жанбыршиевтің отбасы. Қаржылай көмекке 4 бас ірі қара сатып алған «Алтынтөбе» елдімекені тұрғындары сүт өнімдерін сатып, отбасын асырап отыр.
«Көзін тапса мал шаруашылығы өте табысты, қолайлы кәсіп. Себебі, қазір табиғи сүт өнімдеріне сұраныс жоғары. Күн сайын дүкендерге айран, сүт, ірімшік пен қаймақты өткізіп табысымызды еселеп жатырмыз»,-дейді Күмісбек Жанбыршиев.
Өткен жылы мемелекеттік грант иеленгендердің бірі - Тоғжан Жонаева. Көп балалы ана алдағы уақытта осы кәсіп түрін кеңейтіп, мал басын арттыруды көздеп отыр. Тоғжан Жонаева осылайша үйде отырып-ақ, табыс табуда.
Шымкентте биыл да «Бастау Бизнес» жобасы аясында азаматтардың жаңа бизнес идеяларын қолдау шаралары жалғасын табады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ