Нұрсәт шағынауданында ескі жарық жүйелері жаңартылуда. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов елдімекендегі электр желілерінің құрылысымен танысып, жұмыс барысын қадағалады.
Осыған дейін қуаттылығы 10 кВ 2 дана электр тарату бекетінің құрылысы аяқталып, іске қосылды. Қазір мұнда тарату бекетінен шығатын 10 кВ кабель желісін салу, қазылған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Арнайы бригадалар тұрғын үйлерді жаңа желіге ауыстыруда. Шағынауданды сапалы жарықпен қамту жұмыстарына 30 адам 5 техника жұмылдырылған.
«Құрылыс кезінде болатын уақытша қолайсыздықтар туралы жергілікті тұрғындарды алдын ала ескертуді ұйымдастырыңыздар. Жұмыстарды маусым айына дейін аяқтау қажет» - деді қала әкімі.
Соңғы талаптарға сай жер астымен жүргізіліп жатқан 36 шақырымдық электр желілері толықтай іске қосылғанда шағынаудандағы 12 мыңнан астам абонент сапалы жарыққа қол жетізеді.
Қала әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын сапалы, өндірістік кестеге сай атқаруды тапсырды.
Қалада жарықтандырылған көшелердің қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. 2020 жылы мегаполистегі орталық маңызы бар 747 көшенің 220-сына ғана жарық жүйелері тартылған болатын.
Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында 2021-2023 жылдар аралығында 312 көшені жарықтандыру жоспарланып, бұл бағытта тиісті келісім шарттар жасалды.
Жоспарға сай жыл соңына дейін қалада 104 көшені жарық жүйелеріне қосу жоспарланып отыр. Қазір құрылыс жұмыстары басталды. Қорытындысында жарықтандырылған көшелер санын 532-ге, яғни 70 пайызға жеткізу көзделуде.
Жыл соңына дейін аудандағы 12 көше жарықтандыру жүйелеріне қосылады. Бірінші кезекте шағынаудандардағы әлеуметтік нысандар орналасқан және қоғамдық көліктер қатынайтын орталық көшелер жарықтандырылады. Бұл жұмыстар:
-112 орам
-Жаңаталап
-Отырар
-Самал
-Қазығурт
-Актас шағынаудандарында жүргізіледі.
Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында 2021-2023 жылдар аралығында 312 көшені жарықтандыру жоспарланып, бұл бағытта тиісті келісім шарттар жасалды.