СЕССИЯДА 2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

СЕССИЯДА 2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов мәслихаттың кезектен тыс ІІ сессиясына қатысты. Күн тәртібінде мегаполисті дамытуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
«2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті нақтыланып, қаржы көлемі алғаш рет 613 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің басым бөлігі қаланың өзекті мәселелерін шешуге, халықты тұрғын үймен қамтуға және инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады. Сондай-ақ бүгінгі басқосуда жергілікті бюджеттен жалақысы төмен азаматтық қызметшілерге үстеме ақы төлеу шешімі қабылданды.
Сонымен қатар сессия отырысында жергілікті тұрғындардың пікірі негізінде 139 көше, 13 білім беру ұйымдары мен кітапханаға атау беру бойынша Үкімет жанындағы ономастикалық комиссияға ұсыныс енгізу туралы бірлескен шешім қабылданды.
Қала аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және сұрыптауға арналған қызметтерді көрсету тарифі бекітілді.
Бөлінген қаражат пен межеленген жоспарлар қала халқының табысын арттырып, өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Қала басшысы осыған дейін жауаптыларға жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жасап, туындаған мәселелерді жүйелі түрде шешу мақсатында тапсырма берген болатын. Талдау нәтижесінде анықталған тозығы жеткен 50 көшенің 20-сына биыл жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олардың ішінде магистраль жолдар мен ішкі орам көшелер де бар. Мониторинг тізіміндегі қалған жолдар алдағы жылдары кезең-кезеңмен жөнделетін болады.
Мұрат Дүйсенбекұлы жол құрылысының сапалы, өндірістік кестеге сай жүргізілуін қадағалауды тапсырды.
ҚР Премьер-министрі А.Смайлов Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар министрлердің қатысуымен арнайы мәжіліс өткізген болатын.
Үкімет басшысы мегаполиске жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Алихан Асханұлы республикалық маңызы бар қаланы дамытуға ықпал ететін 19 тапсырманың орындалуы бойынша ведомство басшыларының, қала әкімінің есептерін тыңдаған болатын.
Жүктелген тапсырмалардың орындалу барысы мен өзекті мәселелерді баяндаған Мұрат Дүйсенбекұлы мегаполис үшін маңызды «Тұран» шағын ауданындағы Оқушылар сарайы құрылысына қалаға қаралған лимит шегінде қаржы қарастыру және «Қайнарбұлақ» шағын ауданын табиғи газбен қамтуға қаралған қаражат бойынша сұраныстарын жеткізген болатын. Бұл Мемлекет басшысының және Премьер-министр тапсырмаларын мерзімінде орындауға және халықтың өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ