2023 ЖЫЛЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ БОЙЫНША 27 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕТІН БОЛАДЫ

2023 ЖЫЛЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ БОЙЫНША 27 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕТІН БОЛАДЫ

Бүгінде Әл-Фараби ауданында ұзындығы 267 шақырымды құрайтын 382 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 234,3 шақырымы асфальт, 28,2 шақырымы тас жолды және 4,5 шақырымы топырақ жол құрайды.
Ағымдағы жылы 27 көшеге асфальт төселді.
Атап айтқанда:
- «Сәуле» ш/а 195-орамдағы, Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаұлы, Атауы жоқ №1 көшелері;
- «Сәуле» ш/а. Женістін 50 жылдығы №1,2, Жастар, Жабаев, Жаңабазар тұйықтары мен Маркакөл, Ақсемсер, Мұратбаев көшелері;
- «Сәуле» ш/а 275-орамдағы, Ақмылтық, Қаржантау, Үшағаш, Баянауыл көшелері;
- Орталық аумақта А.Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесінің тұйығы мен Иляев көшесінің кіре беріс аумағы, Ш.Қалдаяқов көшесінен «Хадиша» бала-бақшасына дейін, М.Сапарбаев көшесі, «МЖК» ш/а. В.Терешкова мен Қамал тұйығы, Терешкова өткелі және Красноярский, Бекетті көшесі;
- Ескі қала ш/а, Милицейский, Қызыл әскер, Құлантау көшелері.
Сонымен қатар, 2022 жылы шалғай елді мекенде орналасқан 34 көшеге 15,3 шақырым шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде «Береке» шағын ауданы 195 орамдағы 6 көше , 275 орамдағы 16 көшеге, 276 орамдағы 12 көшеге шағал тас төселді.
Нұрсәт шағын ауданындағы Назарбеков көшесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қазір Бадам өзенінен өтетін көпірден бастап Республика даңғылының қиылысына дейінгі 6,7 шақырымдық А-2 айналма жолын жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары 20 –наурызға дейін толық аяқталады. Қазіргі таңда реконструкция жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.
Сонымен қатар, биыл Құрсай елді мекеніндегі 40 көшеге шағал тас төселетін болады. Олар: Сарыбел, Ұзынағаш, Алтын асар, Қайнарлы, Жетіжар, Шапағат, Жарқайың, Таң атар, Таң атар-1, Таң-атар-2, Таң-атар-3, Таң-атар -4, Таң атар-5, Ханшатыр, Сарғау, Атауы жоқ №1,2,3,4,5,6,7,8 көшелер мен Белбұлақ, Ақтүйесай, Шорнақ, Бабақорған, Қостерек, Жылысай 1/8, Атақорған, Күмістікөл, Киіктау, Қарашығанақ, Ақбата, Ақбата өткелі, Қосқорған, Аққыстау, Қармақшы, Бадам-1, Құрылыс елдімекеніндегі көшелер. Бұл бағыттағы жұмыстар сәуір айында басталады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ