Әл-Фараби ауданы аумағында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 92,5% құрайды.
2022 жылы Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан Шолохов, Хлопзавод көшелерін кәріз жүйесімен қамту жұмыстары толығымен аяқталып қолданысқа берілді.
2023 жылы «Химфарм» шағын ауданына кәріз жүйесін жүргізу бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілген, бүгінде 20 көшеге кәріз жүйесін жүргізу үшін жобалау сметалық құжат әзірленіп жатыр.
Сонымен қатар, 2024 жылдың жоспарында «Сәуле», «Ақтас-2», «Көркем», «Береке» шағын ауданына кәріз жүйесін жүргізу үшін жобалық сметалық құжат энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан әзірлену жоспарлануда.
2021 жылдың көрсеткіші бойынша шаһардың 54% кәріз жүйесімен қамтылса, 2022 жылы бұл көрсеткішті 60-ға жеткізу жоспарланған болатын.
Осыған байланысты 2022 жылы 20 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізілген болатын.
2022 жылы БАҚ өкілдеріне өткізген брифингте Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков осылай деген болатын.
Оның мәліметінше, 2022 жылдың соңына дейін Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік шығыс, Хлопзавод-Шолохов, Жұлдыз елдімекендері кәріз жүйесіне қосылады.
“Осы арқылы 64 мыңға жуық тұрғын кәріз жүйесімен қамтуға мүмкіндік алады. Бұдан бөлек, Арғынбеков коллектор, Тұран ішкі магистрал, Достық КНС (қайта құру), 74 га құрайтын Бозарық шағын ауданының магистралдық кәріз жүйесінің құрылыс жұмысы аяқталады,”-деді басқарма басшысы.
Жалпы Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, 2022-2025 жылдары кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 75%-ға артатын болады.
2022 жылдың көрсеткішіне сүйенсек Шымкент қаласының 54 пайызы кәріз жүйесімен қамтылған. 2022 жылы бұл көрсеткішті 60 пайызға жетті, яғни қосымша 65 мыңға жуық тұрғынды қамту жоспарланған еді. Бұл мақсатта 20 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілді.