Абай ауданы аумағында су басу және көлдеу қауіпі бар 61 орын анықталған. Аталған су басу орындарын 2023 жылға дейін шешу жолы қарастырылып, жоспарланды.
Оның ішінде 2022 жылы 7 мекенжайға (4,6 шақырым) ирригациялық жүйелер салынды. 2023 жылы – 5 көшеге (2,3 шқ), 68,4 млн.тг қаралып, конкурс өткізілуде. 2023 жылға қосымша 9 көшеге 3,7 шақырымға 116,4 млн.тг бюджеттік өтінім берілді.
Сонымен қатар, 2024 жылы қосымша 18 көшеге (10,3 шқ) ирригациялық жүйе орнату жоспарлануда.
2025 жылы 22 көшеге 13,8 шақырымға ирригациялық жүйе орнату жоспарлануда.
Шымкентте ауа райының қолайсыздығына байланысты су алу қаупі бар аумақтарда тазарту жұмыстары қарқынды жүруде. Қаладағы қауіпті 40 шақты аумақта арнайы бригадалар қызу жұмыс істеуде.
Су шаюды алдын алу жұмыстарына 38 ассенизатор, 31 арнайы техника, 46 мотопомпа, 14 камаз жұмылдырылды. Арнайы бригадалар Қатынкөпір, Ақжайық, Самал-3 шағынаудандарында сонымен қатар, Өтегенов, Төлеметов көшелерінде, Бекжан базар аумағында және су жиналатын өзге де аумақтарда су тарту жұмыстарын жүргізілуде.
Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мен аудан әкімдіктері қызметкерлерімен қатар төтеншеліктер кешенді жұмыстарды бірлесе атқарып, алдын алу шараларын қатаң бақылауда.
Көктемгі жауын-шашынның салдарынан су шаю қаупін алдын алу мақсатында қалада ирригациялық жүйелерді тазарту жұмыстары қарқын алды.
Сайрам тұрғын алабында орналасқан Ұлық, Ұлық-2, Қызылсу, Құралас, Ханка су арналарын қолмен тазалау жұмыстары жүргізілуде.Нәтижесінде осы су арналарынан күніне 45 куб, 10 күнде 450 куб тұрмыстық қалдықтар мен күл қоқыстар шығарылды. Тазалық жұмыстарына арнайы бригадалар мен техникалар жұмылдырылды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы жиын өткізіп, жауын-шашын салдарынан шұңқырлар пайда болған жолдарды қайта қалпына келтіру бойынша бірқатар тапсырма берді. Бүгінде ойылған жолдарды жамау жұмыстарын жүргізу үшін әр ауданға 5 бригададан бөлініп отыр.