Шымкентте жаңадан құрылған Тұран ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімшесі ашылды. Енді ауданның құрамындағы 21 елдімекен мен тұрғын алап тұрғындары жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек бағыттары бойынша қызмет түрлерін Қазыбек би №50 мекен-жайынан ала-алады.
Тұран ауданы мегаполис аумағының 32%-ын құрайды, яғни жалпы аумағы 36,3 мың га. Халық саны 220,7 мың. Жаңадан ашылған бөлімше күнделікті 100-200-ге жуық адамды қабылдай алады. Штаттық бірлік 25 адамнан құралған. Мекеме ішінде күту залы, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы, жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек бөлімі қарастырылған.
Айта кетейік, Тұран ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімшесіне Қазыбек би көшесі бойынша № 84, 113, 114, 182 бағытындағы жолаушылар көлігі қатынайды. Ал, Дулати көшесінен №84, 113,182 жолаушылар көлігі арқылы "Некрасова" аялдамасынан бөлімшеге қатынай аласыздар.
Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімшесінде пробация есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар үшін 12 жұмыс беруші мекеме 100-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде іс-шараға қатысқан пробация есебіндегі 40 азаматтың 17-і, ал 26 алимент бойынша борышкер азаматтың 12-і жұмысқа жолдама алды.
Ал, екінші «Teṅ qoḡam» әлеуметтік қолдау орталығында 20-ға жуық жұмыс беруші мекеме қатыстырылған жәрмеңкеде 100-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңке алаңына 75-тен аса жұмыс іздеуші азамат келіп, 45-і өз мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналасуға ниет білдірді.
Сонымен қатар, жәрмеңке барысында тұрғындар халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер алды.
Айта кететін, азаматтардың талап-тілектері мен өтініштеріне дер кезінде жауап беру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігін ескертті.
2029 жылға қарай 2,3 млн жасты жұмыспен қамту жоспарлануда, оның 1 млн-ы – ауыл тұрғындары. Сонымен қатар ауылдық жерлерде тұратын 1,5 млн жас қазақстандық цифрлық сауаттылыққа оқытылатын болады.
Биылғы жылы қала бюджетінің шығысына 534,3 млрд.теңге жоспарланған. Есепті кезеңге 62,6 млрд.теңге қаржы қаралып, нақты 61,9 млрд.теңгесі игерілген, яғни жоспар толықтай орындалған.