МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ КОНКУРСЫ БЕС КЕЗЕҢДІ ҚАМТИДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ КОНКУРСЫ БЕС КЕЗЕҢДІ ҚАМТИДЫ

Мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу конкурсы үміткерлердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс жасау деңгейін анықтау (SHL), жеке қасиеттерін бағалау, эссе жазу (басшылық лауазымдарға мінтетті) және сарапшылар комиссиясымен әңгілемелесу кезеңдерін қамтиды.
Сондай ақ, тестілеу мен эссе жазу кезеңдері жүйеде үміткерлердің тәртіпті сақтауын прокторинг (веб камера) қамтамасыз етеді. Аталған жүйеде іріктеу кезеңдерінде ең төмен баға алған үміткерлерді жүйе автоматты түрде алып тастап отырады. Ал ең үздік 3 үміткерді пилоттық органның сарапшылар комиссиясында әңгімелесу кезеңіне жіберіледі.
Сарапшылар комиссиясы алдын ала қалыптастырылатын мемлекеттік органның өкілдерінен, тәуелсіз бағалаушылардан тұрады және оның үштен бір бөлігін бағалаушылар құрайды.
Мемлекеттік қызметкерлерді іріктеу байқауы бұрынғыдай конкурстық комиссияның алдында емес, «Е-қызмет» элетрондық порталы арқылы өтеді. Сәйксінше, элетрондық порталы арқылы өтетін байқаудың жаңа рәсімі «Адами фактордың» әсерін жояды.
Бұдан бөлек, іріктеуден өту кезінде иессіздендіру және анонимділікті қамтамасыз ету үшін үміткерлерге сәйкестендіру нөмірі беріледі.
Нәтижесінде пилоттық жобада конкурс жеңімпазы комиссияның шешімінен бөлек, барлық кезеңдерде жинаған жиынтық баллдардың қорытындысы бойынша жүйемен автоматты түрде анықталатын болады.
Жаңа іріктеу тәсілі бойынша, мемлекеттік қызметке орналасу «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет - порталында төрт заң бойынша және мемлекеттік тілді білу тестілеуінен демалыссыз, тәулік бойы өтуге мүмкіндік берілді.
Аталған тестілеуден сәтті өткен үміткерлер «eqyzmet.gov.kz» порталы арқылы бос лауазымға жарияланған конкурсқа қатысуға өтінім бере алады.
2023 жылдың 1 наурызынан бастап елімізде мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жобасы басталды. Пилоттық жоба ағымдағы жылдың 1 наурызы мен 31 желтоқсан аралығында жүргізілетін болады. Аталған пилоттық жобаға бес мемлекеттік орган енгізілді.
Пилоттық жоба Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Ақмола облысының әкімдігінде, Шымкент қаласының әкімдігінде, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінде жүргізілетін болады.
Пилоттық жоба бойынша мемлекеттік қызметке іріктеу Агенттіктің «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет - порталы арқылы жүргізіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...