Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков гемодиализ қабылдайтын науқастармен кездесті.
Жиында қаланың бас дәрігері бүйрек жеткіліксіздігімен есепте тұратын науқастардың проблемалы мәселелерін тыңдап, пікір алмасты.
“Шымкент қаласында 500-ге жуық адам бүйректің терминальді жеткіліксіздігімен гемодиализ қабылдауда. Қаламыздағы диализ орталықтарының саны 6-ау. Ал бүйрек жеткіліксіздігімен қала бойынша 250-науқас есепте тұрады. Амбулаторлық-консультативті кеңесті қала бойынша 5-мекеме жүргізеді. Атап айтқанда Шымкент қалалық №2 ауруханасының емханасы, қалалық №12 емхана, қалалық №2 емхана, N13 емханасы және Диагностикалық орталық. Мұндай науқастар үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Пациенттердің мәселесі кезек күттірмейді”, - деген басқарма басшысы Н.Асылбеков жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Жиында науқастар тарапынан айтылған мәселелер бойынша гемодиализдік орталықтардағы көрсетіліп жатқан медициналық көмек бойынша мониторинг жүргізу бойынша ұсыныс енгізілді. Сондай-ақ басқарма басшысы амбулаториялық бағдарламалық гемодиализге алынған науқастардың көрсетілімдері бойынша бас штаттан тыс гемодиализ бойынша маманмен бірге бақылау, қадағалау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Шымкентте «Отбасылық және гендерлік саясатты дамыту, қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру» жобасы іске асырылуда. Әйелдер денсаулығын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған кешенді іс шаралар да өз нәтижесін беруде. Қалада ана өлімі көрсеткіші былтыр 15,6-ға дейін төмендеді.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы қаладағы 4 репродукция орталығы арқылы іске асырылады. Сонымен қатар алдағы уақытта 200 төсектік перинаталдық орталықты салу жоспарланып отыр.